"Өзге емес, өзім айтам..."

Жарияланды: бейсенбі, 17 қараша 2016 ж.
Өткен жылы Сорос-Қазақстан Қорының Жастар бағдарламасы Urban Forum Almaty аясында қаланы дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларға байқау жариялаған болатын. Байқаудың мақсаты қаланың маңызды мәселелерін шешуде қала қауымдастығын тарту және қалыптастыру; Алматы қаласының тұрақты дамуына, сондай-ақ бұл процестің ашық әрі есепті болуына үлес қосу; қала тұрғындарының, әсіресе, жастар қауымының жауапкершілігі мен азаматтық белсенділіктерін арттыру болып табылатын. Барлығы байқауға 80 өтінім келіп түсіп, бағдарламаның Сарапшылар комитеті 8 жеңімпазды іріктеп алды. Міне, (15 қарашада өтетін Urban Forum Almaty) екінші форум барысында, біздер байқау жеңімпаздарын әңгімеге тартып, атқарылған жұмыстары туралы білуді жөн көрдік. Алғашқы қонақтарымыз – Катерина Новоселова және Анель Молдахметова Urban Talks жобасы туралы айтып берді.
Жарияланды: сейсенбі, 21 маусым 2016 ж.
Бұл сауалға «Өзге емес, өзім айтам...» айдарының бірінші қонағы, «Мой город» газетінің негізін қалаушысы әрі бүгінде газетті жылжыту жөніндегі директоры Марат Махметов жауап береді. Соңғы екі жылда Сорос-Қазақстан Қоры аймақтық 15 бұқаралық ақпарат құралына мультимедиялық редакцияға өту жолында қаржылай қолдау көрсеткен болатын. Бүгінде Оралдық «Мой город» газеті күнделікті қолданушылардың саны 10 000-нан асатын веб-сайт ашып қана қоймай, сондай-ақ, өзіндік цифрлік-қосымшасын таратқан бірінші аймақтық БАҚ болып табылады.