"Өзге емес, өзім айтам..."

Александра Цай: Қазақстанда қуғын-сүргін тақырыбы ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Жарияланған күні: сейсенбі, 30 мамыр 2017 ж.
31-мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осы күн қарсаңында біз 
Сорос-Қазақстан Қорының «Адам құқы
қтары» бағдарламасымен қолдауға ие болған
«Өшпес естеліктер» жобасының авторы Александра Цайдан жоба жайлы әңгімелеп
беруді сұрадық. «
Өшпес естеліктер» дәрістерінің циклы 30-жылдардағы
индустрияландыру, күштеп ұжымдастыру, саяси қуғын-сүргін, әлеуметтік және
этникалық жер аудару
сынды тарихи оқиғаларға арналған.

Open Mind алаңындағы дәрістерді 2015 жылдан бері жүргізіп келеміз. Алғашқы дәрістерді өзім оқыған болатынмын. Бізде Cultural studies циклы, «Дене мен жаңашылдық» циклы, кейіннен тарих және философия бойынша дәрістер болды. Мен Open Mind махаббат, XX ғасыр тарихы, әдебиет  және өктемшілдік жайында тыңдауға болатын, материалдар заманға сай үлгіде берілетін, адамдар жаңа нәрсе біліп қана қоймай, көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, пікірін еркін айта алатын дәрісханаға айналғанын қаладым. 

«Өшпес естеліктер» - Open Mind үшін үлкен жоба.Қазақстанда қуғын-сүргін тақырыбы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Тікелей немесе жанама түрде болсын бұл тарихи кезең кез келген адамға әсерін тигізді. Мен осы тақырыпты жан-жақты көтеріп, оның бүгінгі өміріміздегі кейбір мәдени нормаларға, паттерндерге әсерінің ауқымдылығы қаншалықты екенін түсінгім келді.

Адамның жады тұрақсыз. Ол - жеке, қоғамдық немесе ұжымдық сияқты қатып қалған субстанция емес, трансформацияға икемді. Өкінішке орай, өткен қасіреттен сабақ ала алмадық, яғни оны жеңе алмадық - зұлымдықты мойындамадық, зұлымдықты зұлымдық деп атай алмадық, өзімізді толысқан қоғам ретінде танытуда ұжымдық жауапкершілікті мойындай алмадық. Толысқан қоғам ер жеткен адам сияқты өз қателігін мойындай, әрекеттеріне әділ баға бере алады, қателіктермен жұмыс жасау тәжірибесінен өтіп, қандай да бір шешімдері мен әрекеттеріне қайта баға бере алады. Бұл біздің қолымыздан келеді ме екен? Білмеймін. Ол өте ұзақ, әрі көпсатылы үрдіс. Бірақ, біз тырысып бағудамыз.

«Өшпес естеліктер» аясында 6 кездесу өтті, 15 адам өз баяндамаларын жасады. Кездесулер барысында біз әртүрлі тақырыптарды қамтуға тырыстық: тарихи көзқарас, оқиғаларға шолу, депортация тарихы мен естеліктер, террор және өнер, қуғын-сүргіннің құқықтық аспектілері, Карлагтың тарихы, сол жылдары құрылған мәдени паттерндер. Академиялық дәрістер мен зерттеулер және жеке оқиғалар оқылды. Әртүрлі спикерлер сөз сөйледі. Олардың ішінде профессор Жұлдызбек Абылхожин, Британ ғылым академиясының мүшесі Катриона Келли, құқыққорғаушы Евгений Жовтис, Карлаг тарихын зерттеуші Екатерина Кузнецова, Вацлава Гавела сыйлығының иегері, Өзбекстаннан келген фотограф Умида Ахмедова, суретші Сауле Сулейменова, журналист Зарина Ахматова және тағы басқалар болды. Барлық кездесулерде сөйлеген спикерлердің баяндамасын www.omind.kz  сайтынан және  youtube арнамыздан көре аласыздар.

Маған «өткен тарихи кезеңдер жайлы сөз қозғау неліктен қажет?» деген сұрақты жиі қояды. Бұл сұрақтың қарапайым жауабы келесідей болса керек: сол оқиғалар қайталанбас үшін, осындай ауқымдағы қоғамдық зұлымнан қорғану механизмін қалыптастыру үшін, биліктің заңдарды бұзбауы және теріс пайдаланбауы үшін дер едім. Катрионы Келли баяндамасында қызықты пікір білдірді: кешірімнен немесе рақымшылықтан өту үшін, ең алдымен кінә және айыптыларды анықтау керек, қылмысты қылмыс деп атау керек, содан кейін ғана кешіру қажет. Жобаны жүзеге асыру барысында мен адамның өмірін қаншалықты төмен бағалайтынымыз жайында жиі ойланатын болдым. Бізде адам өмірінің құндылығы туралы түсінік қалыптаспаған. Өкінішке орай, бұл мәселе әлі де өзгермей тұр.

Әрине, мен объективті болмауым мүмкін, бірақ біз үлкен іс атқардық және жоба өте қызықты болды деп ойлаймын. Бәрі мықты команданың  арқасында мүмкін болды. Мысалға, циклды құруға, спикерлер мен зерттеушілерді тартуға тарих ғылымдарының докторы Михаил Акуловттың еңбегі зор болды.

Осы тақырыпты басқа форматта жалғастыру және де ашық дәрістердің жаңа циклдарын өткізу жайлы жоспарлар бар. Алайда әзірге мән-жайға тоқталмай-ақ қояйын. Негізгі жоспар – жұмысты жалғастыру және осымен тоқтап қалмау.