"Өзге емес, өзім айтам..."

Еш қаражатсыз газет ашып, жарнама арқылы күн көруге бола ма?

Жарияланған күні: сейсенбі, 21 маусым 2016 ж.

Бұл сауалға «Өзге емес, өзім айтам...» айдарының бірінші қонағы, «Мой город» газетінің негізін қалаушысы әрі бүгінде газетті жылжыту жөніндегі директоры Марат Махметов жауап береді. Соңғы  екі жылда Сорос-Қазақстан Қоры аймақтық 15 бұқаралық ақпарат құралына  мультимедиялық редакцияға өту  жолында қаржылай қолдау көрсеткен болатын. Бүгінде Оралдық «Мой город» газеті  күнделікті қолданушылардың саны 10 000-нан асатын веб-сайт ашып қана қоймай, сондай-ақ, өзіндік цифрлік-қосымшасын таратқан бірінші аймақтық БАҚ болып табылады.

 Марат Махметов:

Марат Махметов

«Біздің ұжымымыз жергілікті бір баспада бірге жұмыс істегенімізде құрылды.  Сосын тағдыр жазуымен біздер әртүрлі қалалық, аймақтық БАҚ-қа тарап кеттік, бірақ  достығымыз бұзылмады.  Бас қосқан сайын бірге өткізген қызық күндерді еске алып, сағынышпен аңсап отыратынбыз. Сол кезде маған «достарымның басын қосып, неге өз газетімізді шығармасқа?» деген ой келді.

Оны ашуға, әрине, ақшамыздың  болмағандығын айту артық шығар.  Жарты жылдай  өз  кеңсеміз, техникамыз болмады, адамдар айлық алмады. Бірақ, бізде ортақ идеямыз және өзімізге, бір-бірімізге деген сенім мен айқын  мақсатымыз болды.  Уақыт көрсеткендей, бұл - барлық ақшалардан да қымбат екен. Ең бірінші 200 000  теңгелік  жарнамаға  келісімшарт жасап, қол қойғанымыз әлі күнге дейін есімде. Шын мәнісінде, бұл тек қолға түскен алғашқы қаражат қана  емес, сонымен қатар біздерге  сенім  берген күш еді. Ең бірінші ноутбукты несиеге алдық.  Күндіз ол ноутбукта есепші, кешке журналист, түнгі уақытта дизайнер жұмыс істейтін. Газетіміздің алғашқы данасы қолымызға тиген күн де әлі күнге дейін есімде! Соншалықты күш-жігер, уақыт пен жаныңды құйған дүниеге қарау - үлкен қуаныштардың бірі.  Адамдарды тартып, оларды өз идеяңмен құлшындырып, іс-әрекетке тарту, саған артылған сенімді ақтай алу сөзбен айтып жеткізуге келмейтін керемет сезім екен.

Бірінші кеңсемізге қолымызды жарты жылдан соң жеткіздік. Компьютерлерді қоюға болатын кішкентай ғана бөлме: орындықтар мен үстелдерді жарнама үшін айырбасқа алғанбыз. Тіпті, қызметкерлердің жалақысын заттармен берген кезеңдер де болды. Бір күні бүкіл редакция болып джинсі мен жиде алуға барғанымыз есімде.

Арада бір жыл өткенде біз аяққа нық тұра бастадық. Біздер де, таралым да, баспа беті де өсе бастады. Бастапқыда бізде 4-уі түрлі түсті 24 беттік баспа болатын. Таралымды 2000 данадан бастап 6000 данаға дейін жеткіздік.

Жұмысымыздың алғашқы жылдарында бізге сайтымыздың керектігі түсінікті болды.  Бірақ сайт ашу үшін өз қаражатымыз жоқ-тын. Сондықтан, біз гранттар іздестіре бастадық.  Бүгінде мен, егер де екі жыл бұрын Сорос-Қазақстан Қоры біздерге қолдау көрсетпегенде,  біздің әлдеқашан жабылып қалуымыз мүмкін еді деп ойлаймын.

Қазіргі уақытта сайт табысымыздың 30%-н құрайды және ендігі кезекте біздің мақсатымыз бұл көрсеткішті арттыру. Алғашқы уақытта жарнама аса сатылмайтын. Бірақ, біз жарнама менеджерлерінің жұмыс  бағытын өзгертіп,  оларға сайтқа жарнаманы сату әлдеқайда табысты болатын әдістерді қарастырдық.  Жұмыс ілгерілей бастады. Бүгінде біз аймақ бойынша (әрине «Ақ жайық»-пен өзімізді салыстырып отырған жоқпыз) сайт арқылы табыс  тауып отырған басылымдардың біріміз деп ойлаймын.

2014 жылы Сорос-Қазақстан Қорының мобильдік қосымшаларды әзірлеу бойынша байқауына қатыстық.  Байқауда жеңімпаз атанған алты баспаның бірі болдық. Сөйтіп аталмыш қосымшаны 2015 жылы іске қостық.  Қазіргі таңда сайттан қосымшаны жүктеу көлемі 20 000-ға өсті, белсенді пайдаланушылар саны – 10 000. Адамдар жаңалықтардан хабардар болғысы келеді және де оны өз ыңғайына қарай жасайды.  Бүгінде сайтқа қарағанда мобильдік қосымшадағы аудитория саны әлдеқайда көп. Мобильдік қосымшадағы пікір алысу күннен күнге өсіп келеді. Қолжетімділік тарапынан бұл өте керемет, ал табыс  табу тұсында бұл мәселе әлі де түсініксіз. Өкінішке орай, нарық әлде де цифрлік-қосымшаға даяр емес және біз бұл алаңға жарнама берушілерді тарта алмай жатырмыз. Бірақ, біз уақыт өте бұл жағдай өзгеретініне сенімдіміз.

2015 жылы мен iMediaProject  жобасы  бойынша  біржылдық  оқу  курсынан  өттім. iMediaProject-тен соң редакция жұмысына бірқатар өзгерістер енгіздік. Қызметкердің әмбебаптылығы алдыңғы қатарға шықты: журналист жаңалық та жазады, суретке де түсіреді, материалды сайтқа өзі жариялайды. Бұл жобада ең бастысы, қатысушыларға жай ғана белгілі бір қадамдарды үйрету емес, іс-әрекет арқылы жаңаша бір  идеялардың  тууына жетелеу, Қазақстандағы медиа кеңістікті жақсарту, рекдакция өміріне жаңа өмір беру болатын.  Мәселен, курс барысында маған қазақ тілді сайт ашу идеясы келді. Мен туылғанда, Оралда тек бір ғана қазақ тілді мектеп болатын.  Қазіргі уақытта жағдай өзгеріп жатыр.  Қазақ тілді тұрғындар саны өсуде. Осы ретте маған орыс  тілін мүлдем білмейтін азаматтар жаңалықтарды қайдан оқиды деген ой келді. «Хабар» көреді ме? Ақапарат алудың басқа баламалы түрлері бар? Осы ойлар мені қазақ тілді www.batysnewskz.kz сайтын ашуға жетеледі.

Менен тек қана жарнамаға күн көруге болады ма, өз ақпарат құралыңды ашу үшін не керек деп сұрап жатады. Менің жауабым әрқашан қарапайым.  Меніңше, ең бастысы, жылдам өзгеріп тұратын өмір ағымына бейімделе білу  керек. Әрқашан ізденіс үстінде болу керек, жаңашылдыққа ашық болу керек, оқу керек, тәуекелге бел буа білу керек, әрдайым мүмкіндіктерді іздеу керек.  Әлбетте, сенің жетістігіңнің кепілі – сені қоршаған адамдар екенін ұмытпаған абзал. Менің жанымда ұйымшыл ұжым, әріптес-достарым болмаса, мұның бәрі болмас еді.

Жазып алған Әйнел Қайназарова.