Жаңалықтар

Алматыда «Адам құқықтары: 20 көктем, 20 күз» көрмесі өтті

Жарияланған күні: сәренбі, 20 желтоқсан 2017 ж.

Алматыда «ARTMEKEN» галереясында Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Адам құқықтары: 20 көктем, 20 күз» атты көрме жұмысын аяқтады. Көрмеге 10 суретші және 2 фотографтың жұмыстары қойылды.

1997 жылы Сорос-Қазақстан қоры Алматыдағы Сорос заманауи өнер орталығымен бірлестікте «Адам құқықтары: Terra incognita» көрмесін өткізді. Көрменің бұлай аталуы тегін емес-ті, әрі көрмеге келіп түскен жұмыстардың мазмұны негізінде пайда болды. Көрмеге қатысуға келіп түскен жұмыстардың басым бөлігінде сыртында «Адам құқықтарының декларациясы» деген жазу жазылған жабық күйіндегі кітап ұсынылған болатын. Бұл “кезбе сюжет” қарапайым шындықтың бет-пердесін ашқандай болды. Жалпы қоғам түгіл, жаңашылдықтың бастауы болуы тиіс суретшілердің өзі де экспозицияның тақырыбы туралы бұлыңғыр түсінікке ие екендігін көрсетті.

90-жылдардың соңында елімізде саяси және қоғамдық өмірдің қызып тұрғанына қарамастан, «Terra Incognita» көрмесі аясында қойылған Елена және Виктор Воробьевтердің «Суретші ұйықтап жатыр» инсталлациясы көп жағдайдың мәнін ұқтырғандай. Сол кездегі еліміздегі шығармашылық күштердің жағдайы туралы тура, шынайы, батыл сипаттаған аталмыш инсталляция биыл Италияға дейін жетіп, 57-ші Венециандық биенналидің негізгі жобасында мамырдан бастап қарашаның соңына дейін қойылған болатын.

«20 көктем, 20 күз» көрмесі аясында аталмыш тандем біздің даңқты құқық қорғаушы құрылымдардың жемқорлығы мен бихевиоризміне арналған «Мент-Арт» жұмысын ұсынды. Тағы бір жұлдызды суретші, кезінде Terra Incognita көрмесінің қатысушысы болған Ербосын Мелдібеков қалың көпшілікке өзінің «Пастан» видеожұмысын ұсынды. Аталмыш жұмыс 2001 жылы жасалса да, өзінің маңыздылығын әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ.

Суретші ерлі-зайыпты Сәуле Сүлейменова мен Қуаныш Базарғалиев жұбының ұзақ әрі жемісті шығармашылық жолы оларды кез келген жағдайға сараптамалық негізде қарауға алып келді. Қоғамдағы жағдайды әртүрлі сезінетін олар, қоғам жағдайының түрлі-түрлі аспектілерін қарастырады. Егер Сәулені шынайы адамдар, нақты тағдырлар мен өмірлер қызықтырса (ХҚКО. Тіркеу.2017), Қуанышты мемлекеттік идеология мен ЛГБТ мәселелерін біріктіре отырып (Батырларды көргіңіз келеді ме? Олар менде бар (2015)), символикалық бағытта жұмыс істеген көбірек қызықтырады.

Владимир Третьяковтың көрмеге ұсынған жұмысын не документалдық, не қойылымдық фотографияға жатқызуға келмейді. Мәселен, ол ұсынған фотоциклдің бірі - “Жаңа өзен” (2011 жыл) – жұмысшылар мен полиция қызметкерлерінің қақтығысының нәтижесі туралы баяндайды. Суреттердегі фрагменттілік, үзілген ырғақ пен үлкен кеңістіктер жалпы құлазу мен ішкі дағдарысты көрсететіндей. Ал «Ессіз ғашықтық…» циклі біздің қоғаммен әлі күнге дейін қабылданбай келе жатқан денсаулықтарында менталдық бұзылыстары бар адамдардың ерлі-зайыптылық қарым-қатынас пен отбасылық өмір сүруге деген құқығы туралы баяндайды.

Көрмеге қатысып жатқан жас суретшілер оның “Адам құқықтары: 20 көктем, 20 күз» деп аталып жатқанын онша ескермесе керек. Оларды шын мәнінде көрменің бастапқы бөлігі ғана қызықтыратындай. Яғни, өз жұмыстары арқылы олар адам құқықтары, оның сақталмауы, және онымен өздерінің мүлде көндіге алмайтындықтары туралы баяндайтындай. Мәселен, Виктория Ли «Ұят» циклы аясында жалғызбасты аналардың өмірі туралы фотобаян (2017) дайындаса, Зоя Фалькова көпшіліктің назарына «Evermust» - «Әркім міндетті» (2017) жұмысын ұсынды. Осы арқылы әйгілі Everlast фирмасы әйелдің кеудесі түрінде жасаған боксер тұлыбын ұруға шақырады. Сүйінбике Сүлейменова клубтық виджеингтің видеоқұжаттамасын ұсынды. Видеода демалып, би ырғағымен сейілу үшін келген жастардың кенеттен экраннан әйелдерге қарсы жасалған зомбылықтың кадрлары көрсетілгендегі олардың реакциясын байқауға болады. Белгілі карикатурист Мұрат Ділманов жұмысы арқылы Қазақстандағы сөз бостандығы туралы баяндаса, өнерде қадамын енді жасап келе жатқан, өте зерек Арман Саин көпшіліктің назарына аға буын үшін түсініксіз болып табылатын жұмыстағы жекеменшік құқығы туралы баяндайтын «Адам тұтынушының құқығына қарсы» (2017) жұмысын ұсынды.

Сәуле Дюсенбина үйде де босаңсымау үшін тұрақты бақылау мен қоғамдағы кереағарлықты күшейту мақсатында интерьерді арнайы өрнекті обойлармен безендіруге шақырды (“Wall paper ornament”, 2014). Мария Вильковиская және Руф Джербекова керісінше өздерінің аудиоинсталляциясы арқылы барлығы баруға талпынатын, бірақ қозғалу шектеулігіне байланысты бара алмайтын жұмақ елдің қандай екенін көрсетеді (“Адам емес құқықтары бойынша комитет. Тыңда!” 2017).

Біздің жастарымыз «Адам құқықтары декларациясының» барлық тарауларын жатқа айтып бере ала ма, жоқ па белгісіз. Десек те олар қамтуға тырысқан мәселелердің ауқымдылығы және Қазақстанда адам абыройы мәселесіне назарды аудартуға деген ниеті өсіп келе жатқаны шүбәсіз факт.

Суретші оянған сыңайлы.