Жаңалықтар

Сорос-Қазақстан қорының 2017-2020 жж бағдарламаларындағы өзгерістер

Жарияланған күні: сейсенбі, 31 қаңтар 2017 ж.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Сорос-Қазақстан қоры 2017-2020 жж арналған жаңа стратегиясын жүзеге асыруға кірісті. Стратегияда жаңа бағдарламалардың пайда болуы қарастырылған.

 «Жаңа стратегия аясында қор үшін дәстүрлі болып табылатын адам құқықтары, денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдардың құқын қорғау, ашықтық пен есептілікті арттыру, қоғамдық саясат пен бұқаралық ақпаратты дамыту бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланған. Сонымен қатар, Қорда жаңа бағдарламалық бағыттар ашылды» , - деді Антон Артемьев, СҚҚ Басқарма төрағасы.

Осылайша қорда «Ашық экономика» бастамасы пайда болды. Аталмыш бастаманың мақсаты жаңа экономикалық саясатты дайындау және енгізу  процесінде билік пен сарапшылық қауымдастықтың ашық әрекеттесуіне мүмкіндік беретін механизмдерді дайындау болып табылады. Әсіресе, бұл бастаманың Қазақстанда ЭЫДҰ стандарттарын енгізу мәнмәтінінде ерекше маңызға ие болып отырғаны анық. Бастамасы аясында 2017 жылдың көктемінде «Ашық экономика» атты алғашқы үлкен халықаралық форумды өткізуді жоспарлап отырмыз. Оған отандық және шетел сарапшылары, мемлекеттік және бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.

2014-2016 жж қорда пайда болып, оның аясында жергілікті деңгейде азаматтарды бюджеттік процеске баулы тәжірибиесі дамыған «Жергілікті бюджет» бастамасы қорда ұзақ жылдан бері әрекет етіп келе жатқан «Ашықтық және есептілік» бағдарламасымен бірігеді. Аталмыш бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік қаражатты басқару процесінде ашықтық пен есптілікті қамтамасыз ету.

Жастар бағдарламасы қорда сәтті әрекет еткен 7 жылдан кейін «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасына өзгереді. Жастар, әдеттегідей, біздің назарымызда болады, алайда, сонымен қатар азаматтық қоғамның барлық өкілдерімен серіктестік орнату мүмкіндіктері пайда болады.Бағдарлама мақсаты: түрлі азаматтық қоғам өкілдері арасында ой еркіндігін қорғау, азаматтық қатысуды дамыту, кемсітпеу мен инклюзия қағидаларын жылжыту үшін ынтымақтастықтың жаңа түрлерін қолдау.

Сорос-Қазақстан қорының 2017-2020 жж бағдарламалары мен бастамаларындағы өзгерістер туралы толығырақ Антон Артемьевтің Vласть интернет-журналының бас редакторы Вячеслав Абрамовпен әңгімесінде келесі сілтемеден таба аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=ZwjAzT-LWfY

Сонымен қатар, толық ақпарат алу үшін қордың www.soros.kz сайтына кіруге шақырамыз.

Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) – 1995 жылы «Ашық қоғам» институтымен құрылған үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Қор миссиясы – Қазақстанда ашық қоғам қағидаларын жылжыту.