Жаңалықтар

Қазақстанда фактчекингке арналған оқу құралы жарыққа шықты

Жарияланған күні: бейсенбі, 30 қараша 2017 ж.

«Фактчекинг журналистика зерттеуінің тренді: мүмкіндігі мен болашағы» оқу құралын енді қазақ және орыс тілінде оқуға болады.  Украиналық журналист-фактчекер, зерттеуші Александр Гороховский еңбегін  MediaNet  халықаралық журналистика орталығы,  Орталық Азиядағы алғашқы фактілер растығын тексеруге арналған жоба Factcheck.kz ресурсы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен қазақ тіліне аударды және жарыққа шығарды. 

Александр ГороховскийFactcheck.com.ua. жобасының бас редакторы. Автор еңбегінде фактчекинг әдістері мен құралдарыжайында баяндайды. Фактчекинг жанр ретінде қазіргі әлемдік медиа ортада  дезинформацияға жол бермеу мақсатында қолданылатын негізгі құрал. Ол пост-шындық, жалған ақпарат және насихаттан сақтанудың ерекше бір жолы іспеттес. Сонымен қатар, фактчекинг сөз бостандығының негізгі қағидаларын сақтауға  мүмкіндік береді. 

Фактчекинг жарияланған фактілер, фото мен видеоның рас-өтірігін анықтайды. Сонымен қатар, саясаткер, шенеунік және қоғам қайтаркерлерінің ел алдында айтқан сөздері мен мәлімдемелерінің шындыққа қаншалықты жанасатынын тексереді, аңыздар, стереотиптер мен жалған ақпаратты әшкерелейді.  

MediaNet ХЖО директоры әрі Орталық Азиядағы тұңғыш фактчекинг жобаның жетекшісі Әділ Джалилов Қазақстанда мұндай оқу құралының жарыққа шығуы өте маңызды әрі дер кезінде қолға алынғанын атап өтті. «Елімізде фактчекинг енді ғана алғашқы қадамдарын жасап келе жатыр. Ал дезинформациямен күрес дүниежүзіндегідей, Қазақстан үшін де өте өзекті» дейді ол. 

«Пост-шындық дәуірінде БАҚ пен қоғамға объективті және расталған ақпарат көздерін табуғакөмек беру керек. Сондықтан да бұл оқу нұсқаулығына тек журналистер ғана емес, барша жұртшылық тарапынан сұраныс жоғары болатынына сенемін. Сонымен қатар,  бұл нұсқаулық  өскелең ұрпақтың ақпаратты сыни қабылдау дағдыларын игеруге және дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймын», - дейді Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев. 

Нұсқаулық көлемі 100 беттен асады, барлығы  6 тараудан тұрады. Қазақстандық ашық ақпарат көздерінің тізімі берілген қосымшаны Factcheck.kz. ресурсы дайындады.  

Кітап авторы кіріспе бөлімде бір жылдың ішінде украиналық фактчекерлер шенеуніктердің 1000-ға жуық мәлімдемесін сараптап үлгергенін айтады. Бұл мәлімдемелердің шамамен 55%-ында шындыққа жанаспайтын дерек берілген және «өтірік» деген үкіммен таңбаланған, 25%-ы – «жартылай шындық», тек 20%-ы ғана «шындық» болып шықты. 

«Бұл оқулық атқарылған жұмыс тәжірибесіне тұжырым әдісін терең түсіну мақсатында теориялық базасы жинақталған квинтэссенциясы бола келе, әдістің күштілігін және фактчекингтің мән-жәйін аңғартады.  

Бірінші кезекте, фактчекинг – саяси айла-амалды, өзекті әлеуметтік тақырыптарды көтеріп, өз мақсатында пайдалануды көздегендерді әшкерелеуге арналған тиімді құрал. Саясаткерлер мен шенеуніктердің нақты құзыретін көрсететін амал, ашық дерек көздеріндегі деректермен нақтыланған терең зерттеуге арналған негіз, бұл өз кезегінде біреуге іш тарту және әділетсіз деп айыптауға жол бермейді», - деп жазады Александр Гороховский. 

Нұсқаулық масс-медиа саласы қызметкерлеріне тегін таратылады. Сонымен қатар, Қазақстанның жоғары оқу орындары кітапханаларына да тегін жолданды.   

«Фактчекинг журналистика зерттеуінің тренді: мүмкіндігі мен болашағы» оқу нұсқаулығының қазақ және орыс тіліндегі нұсқасын алдын ала өтініш беру арқылы тегін алуға болады.  

Кітап таралымы шектеулі.