Жаңалықтар

Алматы қаласының шеткі аудандарын дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар байқауының қорытындысы

Жарияланған күні: бейсенбі, 2 наурыз 2017 ж.

Сорос-Қазақстан қоры «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы аясында URBAN FORUM ALMATY жобасы серіктестері мен қатысушыларымен бірлестікте былтыр Алматы қаласының шеткі аудандарын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларға байқау жариялаған болатын. Барлығы байқауға 50 сұраным келіп түсті. Байқаудың әділқазылар алқасы 10 жартылай финалисті таңдап алды. Олардың шеберлік сыныбынан өтіп, сұранымдарын толықтыруға мүмкіндігі болды. Қорытынды іріктеуді СҚҚ-ның «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының сарапшылар кеңесі жүргізді. Келесі үміткерлер байқау жеңімпаздары деп танылды:

  1. «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» ҚҚ

«Алматының шеткі аударындағы аялдамаларды түгендеу» жобасы

  2. «Тетис» ҚБ

«Двор-арт Алматы» жобасы. Алматы қаласының шеткі аудандарында азаматтық қауымдастықтарды ұйымдастыру үшін ресурс ретінде әлеуметтік технологиялар

  3. «BASIRE DESIGN GROUP» ЖШС

Алматы қаласының шеткі аудандарының археологиясы. «Тастак-1,2,3», «Орбита-1,2,3,4» ықшам аудандары.

  4. ORTA әмбебап өнер орталығы

«3 ықшам аудан – суретші үйі» жобасы

  5. Eco Kultura ҚҚ

«Көршілер театры» жобасы

  6. Васильев Сергей Владимирович

Алматы қ., Алатау ауданы, «Қарасу» ықшам ауданының өзендері мен көлдерін қалпына келтіру және экологиялық қауымдастықты құру.

Сорос-Қазақстан қоры барлық байқау қатысушыларына алғыс білдіріп, бастамаларына сәттілік тілейді.