Жаңалықтар

Алматының дамуына бағытталған жобалар байқауының қорытындысы

Жарияланған күні: сейсенбі, 23 ақпан 2016 ж.

Былтыр Сорос-Қазақстан қоры Жастар бағдарламасы қызметінің аясында URBAN FORUM ALMATY жобасының серіктестері мен қатысушыларымен бірлестікте Алматы қаласының дамуына бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға байқау жариялаған болатын. Байқауға шамамен 80 сұраным келіп түсті. Байқаудың әділқазылар алқасы жартылай финалға 12 жобаны мақұлдаса, Жастар бағдарламасының Сарапшылар комитеті 7 байқау жеңімпазын анықтады:

  • Фалькова Зоя Владимировна, "Алматы бойынша иллюстрациялық жолнұсқа" жобасы (Мәдениет, қала имиджі)
  • «Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі» ММ, "БАЛАПАН еліне саяхат" жобасы (Мәдениет, қала имиджі)
  • «Тауасар Фонд» ҚҚ, «Жақсы көруді, сақтауды үйренеміз» атты білім беретін эко-жобасы (Аралас жоба – қала экологиясы, білім беру жобасы, оқушыларды тарту)
  • Әжиев Әділ Мирсұлтанович, "Архитектуралық бірегейлікті түгендеу" жобасы (Қала архитектурасы)
  • «Common Sense» ҚҚ, Алматы әуе бассейінінің ағымдағы экологиялық жағдайын саралау үшін құрылған сарапшылар кеңесі, индикаторлар мен ұсыныстарды дайындау (Қала экологиясы)
  • Новоселова Катерина Сергеевна, “URBAN TALKS” атты қаланы түрлендіру мен дамытуға бағытталған ай сайынғы кездесулер (Аралас жоба – тұрғындарды тарту, пікірталас алаңы)
  • «Sport Concept» ҚҚ, "Бәріне арналған спорт" жобасы (Тұрғындарды тарту, қала кеңістігін түрлендіру)

Сорос-Қазақстан қоры байқаудың барлық қатысушыларына алғыс білдіріп, болашақта жаңа табыстар тілейді.