Басылымдар

Қазақстандағы практикалық журналистика: Тәжірибелік нұсқаулық

Жарияланған күні: дуйсенбі, 1 қараша 2010 ж.

Бұл кітапта журналистер мен редакторлардың, БАҚ жетекшілерінің, PR-мамандарының, сонымен қатар ақпараттық даулар мен заңнамалық қызмет саласында маманданған заңгердің  тәжірибелері жинақталған. Оқырмандардың назарына Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі

БАҚ‑та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Қазақстандық, ресейлік және халықаралық материалдар негізінде жазылған кітапта журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл‑кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Аталмыш еңбек жас журналистерге, журналистика факультеттерінің шәкірттеріне, сондай‑ақ, ақпараттық сала қызықтыратын барша адамдардың кәдесіне жарайды.