Мәлімдемелер

Сорос-Қазақстан қорының Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануына байланысты мәлімдемесі

Жарияланған күні: сәренбі, 29 маусым 2016 ж.

Сорос-Қазақстан қоры Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын қуана қарсы алды. Бұл шешім еліміздің ғаламдық және аймақтық деңгейде халықаралық қарым-қатынастың жағымды дамуына қосқан үлесін лайықты бағалаудың көрінісі болып табылады.  

Осы уақыт ішінде еліміздің Азия-Тынық мұхит аймағының мүддесін қорғайтынын ескере отырып, біз Қазақстан Республикасы Үкіметін аталмыш мүмкіндікті Азия халқының құқығы мен бостандығын жылжыту және қорғау үшін пайдалануға шақырамыз.

Бұл ретте Қазақстанның өзі адам құқықтарын сақтаудың жақсы үлгісін көрсетуі керек. Аталмыш бағыттағы жағымды қадам ретінде жақында өткен  адам құқықтары бойынша БҰҰ комитеті қарастырылуы кезінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіні орындау туралы Екінші дүркіндік есебінде жасалған ұсыныстарды орындауы болуы мүмкін.

Сорос-Қазақстан қоры БҰҰ жүйесі құрылған бейбітшілік пен қауіпсіздікті, халықаралық даму және адам құқықтарын сақтау сынды үш бағанның маңыздылығы мен өзара қарым-қатынасына нық сенеді.