Мемлекеттік қаржының ашықтығы

«Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасы 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл бағдарлама СҚҚ-ның екі бағдарламасының – «Kazakhstan Revenue Watch» және «Бюджеттік ашықтық және есеп берушілік» бағдарламаларының мирасқоры болып табылады.

Бағдарламаның миссиясы:

Қазақстандықтардың қазіргі буыны мен болашақ ұрпақтарының игілігі үшін мемлекеттік қаржы-қаражатты басқарудың ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз ету.

Мақсаттары:

  • жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттардағы қоғамдық мәні бар ақпаратқа қолжеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  •  аймақтарды тұрақты дамытуға бағытталған жобалардың аясында билік органдарының, өндіруші компаниялар мен азаматтық қоғамның арасындағы серіктестікті дамыту;
  • Қазақстанда Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын (EITI) іске асыруда қолдау көрсету;
  • мемлекеттік қаражатты басқарудың ашықтығы мен пәрменділігін арттыру;
  • үкіметтік емес ұйымдар мен Қазақстан үкіметінің арасында тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін мемлекеттік бағдарламалардың пәрменділігін арттыру бойынша серіктестікті дамыту. 

Байланыс ақпараты:

«Мемлекеттік қаржының ашықтығы» бағдарламасының жұмысы туралы мәселелер бойынша бағдарлама директоры қызметін атқарушы Асқар Көшкінбаевқа хабарласуыңызға болады. Э-пошта: pft@soros.kz

Сорос-Қазақстан Қорының конкурстары туралы ақпараттық хабарламалар мен хабарландыруларға жазылу үшін ac@soros.kz мекенжайына растама хат жолдап, ұйымның атауын, байланыс тұлғасы мен электрондық пошта мекенжайын көрсетіңіз.