Астанада құқықтық көмек жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды
November 6, 2018

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ ТАПСЫРЫС: САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР НЕ ТУРАЛЫ БІЛУІ КЕРЕК?» АТТЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ

Астанада «Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен медианы мемлекеттік тапсырыспен қаржыландыру мәселесіне арналған қоғамдық диалог өтті.

Жыл сайын БАҚ-қа мемлекеттік тапсырыс аясында бөлінетін бюджеттік салымдардың сомасы 50 млрд теңгеге тең, ал жалпы соманың 90%-ы 10 мемлекеттік компанияға тиесілі екен. Аталмыш мәселе қоғам тарапынан көптеген сұрақтар тудырады. Соңғы жылдары қаржыландыру жүйесі өзгерді, мемлекеттік тапсырыстың сомасын анықтау, сонымен қатар, әлеуетті алушыларды таңдаудың жаңа критерийлері пайда болды. Алайда мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың ашықтығы мен қажеттілігі, оның медиа нарығының дамуына әсері сынды мәселелер әлі күнге дейін маңыздылығын жойған жоқ.

«Медиа қауымдастық өкілдерінің БАҚ-тағы мемлекеттік тапсырыстың ашық болуы керек екендігін айтып келе жатқанына біраз уақыт болды», – дейді Сорос-Қазақстан қорының БАҚ-ты қолдау бағдарламасының үйлестірушісі Алия Шәріпбаева. – «Бюджеттік қаражат есебінен дайындалатын мәтінді белгілеу, оның сапасын бағалау туралы көп айтылып жүр. Енді мемлекеттік тапсырыстың үлестірілуі де жартылай жасырын кейіп алуда. Жылдың басында министр Дәурен Абаев мемлекеттік тапсырыс орнатудың бес себебін атаған болатын, соның ішінде медиа нарығының бәсекелестігін арттыру және қазақ тіліндегі мәтіндерді көбейту мәселелері де бар. Біз де отандық медиа-нарықтың дамуын қалаймыз. Бюджетке дайындалған мәтіннің сапасын олардың алушыларын әрі сомасын білмей тұрып анықтау қиын. Алайда әлі де болса ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпаратқа еркін қолжеткізу заңын орындап, мемлекеттік тапсырыстың бөлінуі туралы мәліметтерді ашады деп сенеміз».

«Құқықтық медиа орталық» ҚҚ директоры Диана ОКРЕМОВАНЫҢ айтуынша, соңғы жылдары қаражатты бөлі рәсімі өзгермесе де, ақшаның бөліну қағидаларын түсіндіретін құжаттар пайда болыпты «Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысты алатындар туралы ақпарат құпия түрде сақтала бастады. Бұл – ел президентінің тұрақты түрде ашық және есепті үкімет орнату туралы мәліметтері, Қазақстанның OGP және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары сынды халықаралық бастамаларға қосылу ниеті жанында өте аянышты жәйт» дейді ол.

Кездесу барысында  БАҚ-тар алатын сомалар туралы соңғы мәліметтер айтылып, заңнамалық өзгерістерге сараптама, экономикалық болжам жасалды.

Кездесуге мемлекеттік қызмет өкілдері, медиа, экономика саласының сарапшылары, ҮЕҰ өкілдері, белсенді қоғам қайраткерлері және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты.