Adamdar/CA – Орталық Азия өмірі туралы сайт
Сорос-Қазақстан қорының «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының қолдауымен Орталық Азия адамдары, жобалары мен аймақ идеялары туралы Adamdar.CA (Cental Asia and Caucasus) деп аталатын мультимедиялық платформа іске қосылды.
iMedia 2018-2019 жылғы мектебіне шақырады
«iMedia Project» мультимедиялық журналистика мектебі 2018-2019 оқу жылына үміткерлерді іріктеу бойынша байқау жариялайды. Ашық байқау нәтижесінде білікті әділқазылар алқасы 17 финалисті анықтап, олар 2018-2019 жыл барысында төрт апталық тегін оқу курсынан өтеді.
Дамыған мемлекеттің басты белгісі − дамыған қоғам
Әлеуметтанушы Серік Бейсембаев «Құқықтық тұрғыда өзін-өзі қорғауға қоғамның қызығушылығы бар. Тек соның тетіктерін түсіндіретін кәсіби мамандар, әсіресе қазақ тілді ортаға аса қажет. Бюджет тақырыбына деген болжам да, бағам да осы» дейді. Расында, қоғамның белсенді өкілдерінен өзгесі, амбициясы бола тұра, амалын білмеуі, әдіс-тәсілін түсінбеуі әбден мүмкін. Қауымның қоғамдық қатысуға деген қызығушылығының төмен болуы да сондықтан болар, бәлкім.