Ирина Кошкина
May 15, 2018

Антон Артемьев

Басқарма Төрағасы.

Мәскеудегі Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының түлегі, 2009 жылы Эдинбург Бизнес Мектебінің іскерлік әкімшілік саласында диплом алды.

Антон Артемьевтің азаматтық қоғамды дамыту саласында 15 жылдан артық жұмыс тәжірибесі бар. 2004 жылдан бастап Сорос-Қазақстан қорының мемлекеттік қаржы саласындағы ашықтық пен есептілік бағдарламасын басқарды. Бұл уақытта Қор Өндіруші өнеркәсіптер қызметінің ашықтығы бастамасының орындалуына белсенді қолдау көрсетті, сонымен қатар Қазақстандағы алғашқы азаматтық бюджет (бәріне түсінікті бюджет), Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі сынды және т.б. бастамалардың басы қасында жүрді.

2011 жылдың шілде айынан 2012 жылдың ақпан айына дейін Антон Артемьев СҚҚ-ның Бағдарламалар директоры қызметін атқарды. 2012 жылғы мамарда СҚҚ Басқарма Төрағасы қызметіне тағайындалды.