Сорос-Қазақстан қорының Жол жүру гранттары
January 4, 2019

Анна Александрова атындағы арнайы грант

Анна Александрова (1976-2011жж.), адам құқығын қорғау және әлеуметтік әділеттілік принциптерін ілгерілету жолына өмірін арнаған, халықаралық құқық саласындағы заңгер. Мықты көшбасшы, қоғамдық қайраткер және өз ісінің кәсіби маманы, Анна әлеуметтік әділеттілік пен толеранттылық саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды  шешуде жаңашыл және тиімді тәсілдерді іздестіру  жолында еңбек етті. Анна Александрова 2008-2011 жылдары Сорос-Қазақстан Қоры басқармасының төрайымы болды.

Анна Александрова атындағы грант оның бастамаларын жалғастыруға, адам құқығы мен толеранттылықты нығайту саласында зерттеу, ақпараттық және адвокациялық іс-шаралардың ықпал етуіне бағытталған. Өзінің бар ғұмырын  Анна Александрова әлеуметтік осал топтардың мүдделерін қорғауға арнады.

  1. Мақсаты мен міндеттері

Анна Александрова атындағы грантқа арналған байқау (бұдан әрі – «Грант») Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылар Кеңесімен бекітілген арнайы жыл сайын өткізілетін шара болып табылады. Аталмыш грант бас бостандығынан айыру орындарынан босап келген тұлғалар,  инъекциялық есірткіні тұтынушылар, секс қызметкерлері, тұрғылықты орны жоқ тұлғалар, сексуалды азшылық топтар, кәмелетке толмаған заң бұзушылар, мигранттар және т.б. тәрізді әлеуметтік осал топтардың құқығын қорғау саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Міндеттері:

  • Әлеуметтік осал топтардың әлеуетті шешуге болатын және нақты мәселелерін анықтау
  • Анықталған мәселелерді шешуде жоспар құру
  • Әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамды тарту
  • Әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамның қатысуын ұлғайту.
  1. II. Гранттық байқауды өткізу тәртібі және қатысушылар

Қатысушылар:

Грант жеке тұлғаларға және/немесе заңды тұлғаларға бөлінеді. Жеке тұлға ретінде қатысушылардың жас шамасы – 18 жас және одан жоғары.

Байқауға келесі бағыттағы жобалар қабылданады:

  1. Адвокациялық жобалар
  2. Ақпараттық жобалар

Гранттық байқауды өткізу тәртібі

Гранттық байқау екі кезеңнен тұрады (іріктеу және қорытынды). Байқауға қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

  • түйіндеме
  • белгіленген үлгіде  толтырылған сұраным
  • жеке тұлғаларға арналған сұранымды төменгі сілтемеден көшіруге болады.

Сұраным беруші тұлға өз кандидатурасына әсер ететін қосымша құжаттары болса, қоса тіркеуіне болады.

Баға беру шаралары

Іріктеу комиссиясы сұранымдарды келесі  талаптар негізінде қарап, бағалайды:

  1. Таңдалған мәселенің  өзектілігі мен негізділігі
  2. Анықталған әлеуметтік осал топтың  нақты мәселесін шешуге бағытталуы
  3. Таңдалған әлеуметтік осал топтың мәселелерін шешуде қоғамды тарту және ақпараттандыру бойынша  жұмыстарының әдісі
  4. Күтілетін нәтижелер

Гранттың сомасы мен мерзімі

Қорға өтінімді тапсырудың соңғы мерзімі  – 2019 жылғы 15 сәуір.

Мерзімінен кеш тапсырылған сұранымдар қаралмайды. Толтырылған сұранымдарды «Анна Александрова атындағы грант» белгісімен келесі электрондық мекен-жайларға жіберуге болады: application@soros.kz және sorosapplication@gmail.com.

Бір жобаны жүзеге асыру үшін жұмсалатын сома –6 420 000 теңге.

Жобаны орындау мерзімі – 3 айдан 6 айға дейін.

Қабылданған барлық сұранымдар тіркеліп, Сорос-Қазақстан Қорының Қамқоршылар кеңесімен және “Адам құқықтары” бағдарламасының Сарапшылар кеңесімен мұқият қаралатын болады. Қажет болған жағдайда, Қор сұраным берушіден осы байқауға қатысы бар қосымша ақпарат сұрауға құқылы.

Байқау туралы сұрақтарыңызбен Сорос-Қазақстан Қорының «Адам құқықтары» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаеваға хабарласа аласыздар: hrp@soros.kz  тел. (727) 250-38-11.


Прикрепленные файлы

Жеке тұлғаларға арналған сұраным үлгісі

  •  (Adobe Acrobat документ)