26/04/2021
Анна Александрова атындағы арнайы грант
19/04/2021

Қазақстандық зерттеушілерге арналған білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бойынша байқау

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) Білім беру бастамасы аясында Center for Applied Policy and Integrity (Болгария) орталығымен бірлесе отырып, білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бағытының әлеуетін арттыруға бағытталған оқу бағдарламасына қатысу үшін қазақстандық зерттеушілерге арналған байқау жариялайды.

Қатысушылардың жоба барысында орындаған зерттеулерінің нәтижесі зерттеу және саяси басқару мақсатындағы көлемді мәліметтердің әлеуетін көрсетіп, әрі мәліметтер, деректер, аргументтер негізінде басқару шешімдерін қабылдау мәдениетін нығайта түспек.

 Жоба тренерлері

Михайло Милованович – Қолданбалы саясат және көрегендік орталығының аға сарапшысы (Болгария). Оның мақалалары мен зерттеулерінің негізгі нысаны – білім беру саясаты, талдау жұмыстары, жемқорлықтың алдын алу, білім берудегі ашықтық әрі адалдық. Михайло Гарвард құқық мектебі жанындағы Эдмонд Дж.Сафра этика орталығы жүйесінің қызметкері және ЭЫДҰ Білім және дағды басқармасының саяси сарапшысы болған.

Оливер Тоскович – Белград университетіндегі Психология кафедрасының доценті. Психологиядағы, білім беру саласындағы зерттеулердегі статистикадан, көпөлшемді статистикадан дәріс оқиды. Танымдық үдерістерге негізделген, сондай-ақ PISA, TIMSS сынды әртүрлі жобаларға қатысқан. Иерархиялық сызықтық үлгілеу, психологиядағы қарқынды жүйелер, құрылымдық теңдеулерді үлгілеу, IRT талдау, көпдеңгейлі үлгілеу бойынша қосымша білімі бар. 2012-2018 жылдары халықаралық «Психология» журналының редакторы әрі рецензенті болды, тәжірибелік психологияға арнап 10 ашық көрме ұйымдастырды. Зерттеу нысаны – қабылдау, статистика және зерттеу әдістемелері.

Оля Йованович – философия докторы, Белград университетінің психология кафедрасының доценті. Білім саласындағы психология пәнінің оқытушысы. Оның ғылыми жұмыстары мен материалдары инклюзивтік білім берудің сапасына арналады. Қазіргі уақытта Евразиядағы инклюзивтік білімнің біртұтастығын зерттейді. Білім беру, консалтинг және саяси кеңес беру, сапалы зерттеулерді жасау және қолдану салаларында, сондай ақ сапалы мәліметтерді саралауда тәжірибиесі бар.  Соңғы бірнеше жылда MAXQDA бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі сертификатталған инструктор қызметін атқарады.

Байқауға ғылыми-зерттеу, талдау және академиялық мекемелердің қызметкерлері қатыса алады.  

 Үміткерге қойылатын талап:

Білімі: білім беру, психология, әлеуметтік ғылым, экономика немесе ұқсас мамандықтар бойынша жоғарғы білім/магистратура/PhD.

Кәсіби тәжірибесі: білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді қорыту, талдаудағы тәжірибесі; әртүрлі форматтағы (баяндама, есеп, талдау хаттары және т.б.) талдау материалдарын дайындау және/немесе даярлауға қатысу тәжірибесі; білім беру саласындағы мамандармен орнаған кәсіби қарым-қатынас – артықшылық болып табылады.

Мәліметтерді талдау құралдары мен тәсілдерін меңгеруі: мәліметтерді, соның ішінде кеңкөлемді бағалау зерттеулерін (ұлттық, халықаралық) талдау үшін статистикалық тәсілдерді қолдана білу әрі тәжірибесінің болуы, статистикалық талдаулар үшін Mplus, R, STATA, SPSS немесе SAS сынды бағдарламаларды қолдана алу, шаруа қожалықтарын зерттеу тәжірибесінің болғаны жақсы.

Тілді меңгеруі: ағылшын тілін жетік меңгеру – артықшылық болып келеді.

 Жоба кезеңдері:

  • 2021 ж. мамыр: 1-модуль – Онлайн-жазғы мектепке қатысуға үміткерлерді іріктеу
  • 2021 жылдың шілде-тамыз айлары: 1-оқу модулі – білім берудегі үлкен деректерді талдау және түсіндіру бойынша жазғы онлайн мектеп
  • 2021 жылдың тамыз айы: 2-модульге қатысуға жазғы мектепке қатысушыларыне іріктеу
  • 2021 жылдың тамыз-қазан айлары: Іріктелген қатысушыларға бірінші оқу модулі кезінде алған білімі мен дағдыларын қолдана отырып, зерттеу жүргізу және қорытынды материалды (халықаралық басылымға мақаланы қоса) дайындау үшін стипендия беріледі.
  • 2021 ж. қазан: 2-тренинг модулі: таңдалған қатысушыларға коучинг сессиясын өткізу (карантин және қозғалысты шектеу шаралары алынып тасталған жағдайда – оффлайн режимінде, Нұр-Сұлтан)
  • 2021 ж. қазан-желтоқсан айлары: қорытынды презентациялар мен мақалаларды әртүрлі талдамалық басылымдарда, соның ішінде халықаралық басылымдарда жариялауға дайындау
  • 2022 жылдың қаңтар-ақпан айлары: қорытынды конференция барысында жоба нәтижелерін таныстыру

Байқауға сұраным жіберу арқылы үміткерлер жобаның жүзеге асырылатын барлық кезеңіне қатысатынын растайды. Бағдарламаның үш үздік қатысушысы 2022 жылы өздері таңдаған халықаралық конференцияның біріне қатысуға мүмкіндік алады.

Байқау мерзімі:

Сұраным берудің соңғы күні – 2021 жылдың 17 мамыры (Астана уақытымен 23:00). Бұл уақыттан кеш жіберілген сұранымдар қаралмайды. 2021 жылдың 10-маусымында үміткерге іріктеудің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.

Қор қатысушылардың оқуға қатысты барлық шығынын: жол ақысын, тұратын жерін, тамағын төлейді. Сондай-ақ, Қор әрбір қатысушыға зерттеуін жүргізуі үшін 300 мың теңге көлемінде грант тағайындайды (бұл жерде 120 000 теңге әр қатысушы жүргізген зерттеуіне алатын шәкіртақы, ал 180 000 теңге мақаланы/зерттеуді дайындауға кетуі мүмкін қосымша шығындардың ақысы).

Сұранымға қойылатын міндетті талаптар:

Сұраным мазмұны:

  1. «Сұраным беруші туралы мәлімет» толтырылған нұсқасы;
  2. «Уәждемелік хат» толтырылған нұсқасы;
  3. «Өтінім берушінің түйіндемесі» толтырылған нұсқасы.

Қор қажет деп тапқан жағдайда үміткерден осы байқауға қатысуына байланысты қосымша ақпарат сұратуға құқылы. Сұранымдар қайтарылмайды және рецензияланбайды.

Сұранымдар тек application.soros.kz онлайн-жүйесінде қабылданады. Онлайн-сұранымды толтыру бойынша нұсқаулықты мына жерден көре аласыздар. “Өтінім берушінің түйіндемесін” сол жердегі сілтеме арқылы өтіп толтырыңыздар.

 Басқа мекенжайға жіберілген сұранымдар қаралмайды.

Қосымша ақпарат алу үшін Білім беру бастамасының үйлестірушісі Айнұр Шакеноваға хабарласа аласыз: ashakenova@soros.kz, тел. (727) 250-38-11.

The Center for Applied Policy and Integrity – Болгарияда құрылған үкіметтік емес ұйым. Ол – Эдмонд Дж. Сафр (Гарвард университеті) этика орталығы жанындағы институционалдық жемқорлық зертханасының бір бөлігі. ОЭСР, Ашық қоғам қорлары, ЮНЕСКО, Білім беру саласындағы зерттеулердің европалық қауымдастығы (EERA) сынды ұйымдармен серіктестік және кәсіби байланыстары бар.