09/12/2019
Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы жеке тұлғалардан жол жүру грантына сұраным қабылдайды
22/07/2019

2020/2021 жылдарға арналған қоғамдық саясат саласындағы қазақстандық жас зерттеушілерге конкурс

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) «Қоғамдық саясат» бастамасы аясында қазақстандық жас зерттеушілерге конкурс жариялайды, онда жас сарапшылар оқу семинарларына қатысып, СҚҚ қызметінің басым бағыттары шеңберінде Қазақстандағы қоғамдық саясат саласындағы өзекті мәселелер бойынша талдау құжаттарын даярлауға мүмкіндік беретін қолданбалы саяси-басқару зерттеулерін жүргізетін болады.

Бұл бастаманың мақсаты – жас зерттеушілердің әлеуетін көтеру, олардың қоғамдық маңызы бар мәселелердің оңтайлы шешімін ұсынудағы құзыретін арттыру, сондай-ақ, жан-жақты сарапталған әрі негізделген Һәм дәйекті деректер/аргументтер базасында ашық талқылаулар мен қоғамдық диалогты жетілдіру арқылы Қазақстандағы қоғамдық саясат саласын дамыту.

 СҚҚ аталмыш жоба аясында қатысушыларға:

  • қолданбалы саяси-басқару зерттеулерін жүргізуге;
  • бес бөлімнен тұратын семинар-тренингтен өтіп, саяси-басқару зерттеулерін жүргізу, талдау мәтіндерін жазу, визуалды деректер даярлау, саяси-басқару идеялары мен ұсынымдарын дайындау дағдыларын жетілдіруге;
  • зерттеу тақырыбы және әдістемесі бойынша кеңес алуға мүмкіндік беріледі.

Қатысушылар жоба шеңберінде алған білімдері мен тәжірибелерін келесі тақырыптар бойынша талдау құжаттарын даярлау кезінде қолданатын болады:

  • Қазақстан Республикасындағы адами капитал сапасының аймақтық деңгейдегі теңсіздігін азайтудағы білім берудің рөлі

PISA-2015 халықаралық бағдарламасының 15 жастағы оқушылардың білім алудағы жетістіктерін бағалау жұмысының нәтижесіне сәйкес, Атырау, Маңғыстау, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының оқушылары Алматы қаласында білім алатын қатарластарынан оқу сауаты, математикалық сауат және ғылыми-жаратылыстану сауаты сынды үш бағыт бойынша екі академиялық жылға артта қалуда. Бұл ахуалдың салдарынан еліміздің әр аймағындағы сапалы адами капиталдың теңдісіздігін көріп қана қоймай, жалпы алғандағы еліміздің тұрақты дамуына тигізетін қауіп-қатерін де бағамдауға болады.

  • Әлеуметтік маңызы бар аурулардан (туберкулез, психиатрия, ВИЧ, паллиативті көмек) емделушілердің толыққанды құқығын қамтамасыз ету

ҚР Парламент Мәжілісі енгізген Халық денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінде жоғарыда аталған бағыттар бойынша емделушілердің құқығын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар жағымды өзгерістер бар. Десек те, емделушілердің осы және өзге де құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру мәселе күйінде қалып отыр. Ұсынылатын зерттеулер аталмыш бағыттың шын мәніндегі жағдайын сипаттап, заң жүзінде өзгерістер енгізуге, халықаралық озық тәсілдерді ендіруге, оңтайлы шаралар кешенін даярлауға бағытталуы тиіс.

  • Мемлекеттік бағдарламаларды талдау: нәтижесін бағалау

Мұнай шуы (бум) кезеңінде Қазақстан экономиканы дамытуға және тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырды. Әйтсе де, мем.бағдарламалар аяқталғаннан кейін, оның нәтижесі турасында қоғамдық талқылаулар өткізу ісі өте сирек болады. Әуелгі мемлекеттік бағдамалардың кем-кетігі ескерілмей, жаңа бағдарламалар жиі қабылдана береді, бұл, өз кезегінде, мемлекеттік саясаттың тиімділігін төмендетеді. Бүгінге дейін жүзеге асырылған бағдарламалар қаншалықты тиімді және бұл құжаттардың кем-кетігін ескере отырып, жаңа мемлекеттік бағдарламаларға қандай өзгерістер енгізу керек?

  • Экономикалық даму инклюзиві және теңдесіздік мәселесі

Қазақстан билігі экономикалық даму қарқынын экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші ретінде ұстанады. Мәселен, ел билігі мұнай шуы (бум) кезеңінде экономикалық даму халықтың барлық әлеуметтік тобының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді деп сендірді. Алайда, 2012 жылдан бері Қазақстанда теңдесіздік деңгейін дендеп, қоғамның жік-жікке бөлінуі қайта басталды. Экономикалық даму ісі инклюзивті болуы және теңсіздік мәселесі тиімді шешілуі үшін биліктің экономикалық саясаты қалай өзгеруі керек?

  • Жала жапқаны үшін (жалпы ғайбат ақпарат жариялағаны үшін) жазалауды қатайту – Қазақстан жағдайында аталмыш тәсіл қаншалықты тиімді?

Еліміздегі жала жабу ісі үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін әрі оның қажеттігін біраз уақыттан бері отандық медиа-қауымдастықтар ұйымдастыратын конференцияларда да, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі оңтайлы ұсыныстар есебінде де  беделді жергілікті ұйымдар (мәселен, «Әділ сөз», «Құқықтық медиа-орталық және т.б.), көтеріп жүр. Шенеуніктер медиа-кеңістіктегі тәртіпті қатайту арқылы «тәртіп орнатып», «БАҚ-ты сапалы» әрі «бәсекеге қабілетті» етуге болатынын айтады. Ал либерализациялауды ұсынушы топтың аргументін билік қаперіне де ілмейді. Бүгінге дейін ешкім шын мәнінде нарықтың бәсекеге қабілетті болуы мен БАҚ-тың тұрақты дамуына ырықтандыру немесе қатайту тетіктері қаншалықты ықпал ететіні туралы қолданбалы бағытта саяси-басқару зерттеу жасамаған.

Өтінім беруші жоғарыда аталған тақырыптар шеңберінде 2 (екі) нақты зерттеу тақырыбын ұсынуы тиіс.

2020 ж. жобаның негізгі кезеңдері мен уақыты.

Өтінім қабылдау барысы аяқталғаннан кейін, СҚҚ жоба қатысушыларын конкурстық негізде іріктеуден өткізеді, ол екі кезеңді қамтиды:

  1. үміткерлерді іріктеу:

2020 жылдың 9 қаңтарындағы сағат 23:00-ге дейін жіберілген өтінімдерді СҚҚ эксперттері қарайды. Өтінідерді іріктеу нәтижесінде 20-25 қатысушы 2020 жылдың наурызында саяси-басқару зерттеуін даярлау (policy research design) тақырыбында өтетін тренингке қатысуға шақырту алады. Тренинг қатысушыларына болашақ зерттеулері бойынша жалпы нобайы мен жан-жақты талданған жоба жоспары (policy research proposal) дайындау ұсынылады.

  1. финалистерді іріктеу:

Дайын зерттеу жоспарын жобаның эксперттік кеңесі қарайды. Сарапшылардың бағалауы негізінде, сондай-ақ, үміткерлердің тренинг барысында және одан кейін жұмысқа белсенді араласуын ескере отырып, 10-12 финалист таңдалады.

Финалисттерге 2020 жылдың мамырына дейін конкурс қорытындысы жөнінде хабарлама жіберіледі әрі олар саяси-басқару зерттеуін жүргізуге, сондай-ақ, жобаның келесі кезеңдеріне, соның ішінде тренингтер, кеңестер және талқылауларға қатысуға шақырту алады. Зерттеу жүргізу және талдау құжаттарын даярлау барысында қатысушыларға шетелдік және отандық эксперттер кеңес беріп отырады.

Төмендегі кестеде жобаның негізгі кезеңдері көрсетілген:

·         І кезең: Жоба қатысушыларын – финалистерін іріктеу

 

  • жоба үміткерлерін – өтінімдерді іріктеу
  • саяси-басқару зерттеуін даярлау (policy research design) тақырыбында тренинг
    • ментормен бірге зерттеудің жалпы нобайы мен жоспарын (research proposal) әзірлеу
  •   зерттеудің қорытынды жоспарының негізінде іріктеу және 10-12 қатысушыны/ финалисті бекіту

 

2020 ж.қаңтар

2020 ж.наурыз

2020 ж.ақпан-сәуір

 2020 ж. мамыр

  • ІІ кезең: Зерттеу жүргізу
  • (деректер жинау, мәселені зерттеу, талдау мәтінің бірінші нұсқасын дайындау)
    • зерттеу жүргізу процесі
    • талдау құжаттарын жазу бойынша тренинг (policy paper writing)
    • талдау мәтінінің алғашқы нұсқасы
    • саяси-басқару талдауы бойынша тренинг (policy analysis) және аралық зерттеу нәтижелерінің презентациясы
2020 ж. мамыр-қыркүйек 2020 ж. маусым

2020 ж.қыркүйек

  • ІІІ кезең: Саяси-басқару талдауын жасау

(деректерді талдау, шешім даярлау,  талдау мәтінің екінші нұсқасын дайындау, мақала жазу)

    • талдау мәтінінің екінші нұсқасы (шешім қабылдау матрицасы)
    • деректерді визуалдау және мәтінді тиімді жазу бойынша тренинг
    • зерттеу тақырыбы бойынша мақала жазу
2020 ж. қараша

2020 ж. қараша

2020 ж. желтоқсан қаңтар

·         IV кезең: Жоба аяқтау және келесі қадамдарды жоспарлау

 (ұсыныстар даярлау, ұсыныстарды тиісті мекемелерге ұсынуды жоспарлау, талдау мәтінінің қорытынды нұсқасын жазу)

    • талдау мәтінінің қорытынды нұсқасын жазу
    • саяси-басқару идеялары мен ұсыныстарын ұсыну бойынша тренинг
    • талдау мәтінінің қорытынды нұсқасын жазып, аяқтау және рецензиялау
    • презентация/ зерттеу нәтижелерін ұсыну
2021 ж. желтоқсан – қаңтар

2021 ж. ақпан

2021 ж. ақпан – СҚҚ келісімімен

 

 

Конкурсқа қатысу арқылы үміткерлер өзіне жобаның жүзеге асуы мерзіміндегі барлық іс-шараларға қатысу және жобаның барлық кезеңдерінде белсенділік таныту міндеті жүктелетімен келіседі әрі мұны басты назарға алуы тиіс.

 Семинар-тренингтерге және жекелей консультацияларға қатысу жоба шеңберіндегі жұмысты жалғастырудың міндетті шарты болып табылады. Тренингтер Алматы және/немесе Нұр-Сұлтан қалаларында өтеді.

Жобаға қатысу арқылы Сіз:

  • Қазақстандағы күн санап дамып келе жатқан сапалы саяси-басқару зерттеулері/талдаулары негізінде даярланған дәлелді әрі дәйекті шешімдердің қоғамдық диалогы және қоғамдық саясаты кеңістігінің дамуына өз үлесін қосатын жас кәсіби сарапшылардың қауымдастығына қосыла аласыз;
  • кәсіби дамуға, қолданбалы зерттеулер жүргізуге және таңдалған тақырып бойынша саяси-басқару идеялары мен ұсыныстарын әзірлеуге мүмкіндік, ресурс аласыз, бұл орайда:
  • СҚҚ шақырған тәлімгерлерден тақырып бойынша кеңес алуға;
  • ICPA – International Center for Policy Advocacy оқу ресустары мен тәжірибелік-әдістемелік құралдарын пайдалануға;
  • soft skills, қоғам алдында сөз сөйлеу, деректерді визуалдару және БАҚ-қа мақала жазу бойынша тренерлерден білім алуға;
  • жоба барысында жаңа әріптестермен, жобаның ашық, конструктивті түлектерімен танысуға мүмкіндік аласыз.

СҚҚ жоба қатысушыларына қандай қаржы салады?

Қор жоба шеңберінде іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ, тақырып/әдістеме бойынша тәлім беретін тренелер, арнайы шақырту алған сарапшылар мен қатысушылардың өзара қарым-қатынасын үйлестіру міндетін атқарады.

Қор қатысушылардың оқуға қатысты барлық шығынын, атап айтқанда: тренинг-семинарлар өтетін орынға жеткізетін жол шығынын, сондай-ақ, тренинг барысындағы жатын орны мен тамағын өтейді.

Сонымен қатар, Қор әр қатысушыға зерттеу жүргізу үшін 400,000 тенгеге дейінгі көлемде грант ұсынады.

Жоба шеңберіндегі жұмыс нәтижесі бойынша сапалы зерттеу ұсына алған қатысушылар әрі қарайғы кәсіби дамуы үшін СҚҚ келісімімен қосымша мүмкіндік алады.

СҚҚ жоба қатысушыларынан не күтеді?

  • Қолданбалы зерттеу жүргізуге, соның негізінде әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге деген зор ынта;
  • Саяси-басқару саласында зерттеулер мен талдаулар даярлаудағы дағдысын жетілдіруге, саяси-басқару идеялары мен ұсыныстарын дайындауға, оны тиісті жерлерге жеткізуге ұмтылыс;
  • Таңдалған тақырыпты терең түсіну және сол тақырып бойынша зерттеу жүргізу икемі;
  • Жобаның барлық кезеңдерін уақтылы өтуге, сондай-ақ, талдау мәтіндері мен есептерін өткізу мерзімін сақтауға деген жауапкершілік;
  • Жоба шеңберінде жоспарланған барлық тренингтер мен іс-шараларға қатысу және белсенділік танытуды күтеді.

Конкурсқа қатысуға:

  • Қазақстандық ғылыми-зерттеу, талдау орталықтары мен университет қызметкерлері;
  • Үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін зерттеушілер;
  • Эксперттік-ғылыми бағытта мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметін қамтамасыз ететін мамандар;
  • СҚҚ ұсынған басым тақырыптарды зерттеп жүрген магистранттар мен PhD ізденушілер шақырылады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Зерттеу жүргізу тәжірибесі (3 жылдан кем емес). Магистратура шеңберінде жүргізілген зерттеулер минимал зерттеу тәжірибесіне жатады (бірақ шектелмейді);
  • Ағылшын тілінде сөйлеу (тіл деңгейі ортадан жоғары болуы керек);
  • Ашық қоғам мен қоғамдық маңызы бар мәселелерді ашық талқылау қағидаттарын ұстанғаны абзал.

Конкурс мерзімі:

Қорға өтінім жіберудің соңғы күні – 2020 жылдың 16 қаңтары (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 23:00-дейін). Бұл уақыттан кейін жіберілген өтінімдер қаралмайды.

Ескерту: Сорос-Қазақстан қоры аталмыш конкурсты өткізу мерзіміне қатысты өзгерту енгізуге құқылы.

Өтінімге қойылатын міндетті талаптар:

Өтінім жіберу кезінде келесі құжаттарды толыққанды толтыру міндетті:

  1. «Үміткер туралы мәліметтің» толтырылған үлгісін;
  2. «Уәждемелік хаттың» толтырылған үлгісін;
  3. «Зерттеу саласы» толтырылған үлгісін;
  4. «Үміткер түйіндемесі» толтырылған үлгісін;
  5. Ізденушіні таңдауға жеке зерттеуі мен жарияланым үлгісі.

Өтінім беру барысы (2 қадам):

  1. Word форматындағы ӨТІНІМДЕРДІ КЕЛЕСІ ЭЛЕКТРОНДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРҒА ЖІБЕРУ ҚАЖЕТ: sorosapplication@gmail.com, application@soros.kz ЖӘНЕ ppi@soros.kz (үшеуіне де бірден жіберу шарт). «Хат тақырыбы» деген жолаққа «PPI_Fellowship» деп көрсетуіңізді сұраймыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Хаттың барлық қосымшаларын есепке алғандағы жалпы көлемі 3 мегабайттан аспауы керек.

  1. Өтінімді онлайн толтыру үшін келесі сілтемеге өтіңіз https://application.soros.kz/ Онлайн өтінімді толтыру бойынша нұсқаулықпен мына жерден танысуға болады.

Қажет болған жағдайда, Қор үміткерден аталмыш конкурсқа қатысуына байланысты қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

Өтінімдер рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Word форматындағы ӨТІНІМДЕРДІ КЕЛЕСІ ЭЛЕКТРОНДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРҒА ЖІБЕРУ ҚАЖЕТ: sorosapplication@gmail.com, application@soros.kz ppi@soros.kz  адресін көшірмеге қою міндетті.

«Хат тақырыбы» («Тема сообщения») деген жолаққа «PPI_Fellowship» деп көрсетуіңізді сұраймыз.

 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Хаттың барлық қосымшаларын есепке алғандағы жалпы көлемі 3 мегабайттан аспауы керек.   

Басқа кез келген адреске жіберілген өтінімдер қаралмайды.

Қосымша сауалыңыз болса, «Қоғамдық саясат» бастамасының үйлестірушісі Ирина Курбановаға хабарласуыңызды сұраймыз – ppi@soros.kz, тел. (727) 258-13-54.

Байқау сұранымын мына сілтеме арқылы таба аласыздар.