Сорос-Қазақстан қорының Жол жүру гранттары
January 4, 2019
Қазақстандық зерттеушілерге арналған білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бойынша байқау
April 23, 2019

Қазақстандағы әлеуметтік қалалық жобалар конкурсы

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) Urban Forum Kazakhstan (UFK) ұйымымен бірге Жаңа азаматтық бастамалар бағдарламасы аясында конкурс жариялайды. Мұндағы мақсат – Қазақстан қалаларын дамытуға бағытталған әлеуметтік әлеуеті жоғары жобаларды жүзеге асыру. Бұған Алматыдан өзге еліміздің барлық қалаларының жеке азаматтары мен заңды тұлғалары қатыса алады.

Мақсатымыз: азаматтардың қаланың тыныс-тіршілігіне араласуына, ондағы мәселелердің шешіміне атсалысуына себепкер болу, еліміздің үлкенді-кішілі қалаларының дамуына септесу, бұл істегі бұқараның белсенділігін арттырып, жауапкершілігін жетілдіру.

Сұранымдар келесі тақырыптар бойынша қабылданады:

  • Қаладағы мәдениет
  • Қала экологиясы
  • Сәулет өнері: мәдени мұраларды тану, қорғау
  • Плейсмейкинг[1] және қоғамдық кеңістік
  • Қалалық қоғамдастық: құру әрі қалыптастыру
  • Инфрақұрылым: қолайлы орта, жаяу жүргінші жолақтарының қауіпсіздігі және тағысын тағылары.
  • Қоғам – бәріміз үшін: балаларға мейірім, мүмкіндігі шектеулі жандарға ілтипат, жәрдем.
  • Ішкі диалог (әкімдік, азаматтар мен олардың қоғамдастықтары, сарапшылар, кәсіпкерлер, БАҚ және т.б.)

Жобаға қойылатын талаптар:

  1. Серіктестік (өтінім берушіден өзге де топтар мен ұйымдарды жоба жұмысына жұмылдыру)
  2. Қолмен ұстап көруге болатын және зияткерлік нәтижесінің, жоба мұрасының болуы

Urban Forum Kazakhstan ұйымдастырушылары мен серіктестерінен құрылатын арнайы топ аталмыш байқауға әділ төрелік етпек, олар іріктеудің алғашқы кезеңін өткізіп, жартылай жеңімпаздарды анықтап береді. Жартылай жеңімпаз тізіміне ілінгендер аралық білім беру бағдарламасына/қоғамдастық құру, қалалық іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастыру жөніндегі тренингке қатысады. Тренинг аяқталғаннан кейін шешуші кезең болады. Мұнда СҚҚ Жаңа азаматтық бастамалар бағдарламасының Сарапшылар комитеті жобаларды қаржыландыру жөнінде ақырғы шешімін қабылдайды.

 Мерзімі және грант сомасы:

  • Өтінім берудің ақырғы күні – 2019 жылдың 25 сәуірі (Астана уақытымен 22.00). Уақытынан кешігіп түскен өтінімдер қаралмайды.
  • Ұзақтығы – жоба басталған уақыттан бастап 4 айдан 1 жылға дейін.
  • Грант сомасы – 2 000 000 тенгеден 4 000000 тенгеге дейін.

Конкурстың жалпы грант қоры – 30 500 000 тенге.

Өтінім беру және оны қарау тәртібі:

Өтінімнің толтырылған нұсқасын хат тақырыбына «қалалық жоба» деп жазып және қала атауын қоса көрсете отырып, application@soros.kz электронды мекенжайына жіберіңіз. Өтінім мен сауалнама үлгісін алу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

 Қандай идеялар конкурсқа қатыса алады:

  • Қолданбалы жобалар, қала тұрғындарының ортақ күшімен, көмегімен қаладағы экология, инфрақұрылым, архитектура және қала мәдениетін дамыту мәселелеріне қатысты азаматтық бастамалар.
  • Жаңа қалалық қоғамдастықтардың құрылуына және олардың тұрақты дамуына септесетін жобалар.
  • Еліміздегі жекелеген қалалардың дамуына ықпал етуші маңызды шешімдердің қабылдануына қалың бұқараның қатысу белсенділігін арттыру, жауапкершілігін жетілдіру. Қаланы қайта жаңғыртуда әлеуметтің әлсіз топ өкілдерінің талап-тілектерін ескеру, оларды бұл іске жұмылдыру.
  • Конкурс тақырыптары бойынша жергілікті билік өкілдері, кәсіпкерлер, өзге де қалалық қоғамдастықтармен дұрыс диалог құрып, тиімді серіктестік орната отырып, сапалы жүйелі өзгерістер енгізу.

Барлық өтінім тізімделеді, тіркеуден өтеді. Өтінімдерді Конкурстың әділ-қазы алқалары мен Жаңа азаматтық бастамалар бағдарламасының Сарапшылар комитеті қарайды. Қажет болған жағдайда, Қор өтінім берушіден қосымша ақпарат сұратуға құқылы. Өтінімдер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Қор мақұлдамаған өтінімдер үшін түсініктеме бермейді.

Жаңа азаматтық бастамалар бағдарламасының үйлестірушісі Сәуле Мамаеваның smamayeva@soros.kz  электронды поштасына хат жазу немесе +7 (727) 258 13 54 байланыс нөмеріне хабарласу арқылы жобаға қатысты қосымша ақпарат ала аласыз.

 

********************************************

 

Төменгі кестеде 2016-2017 жылдары Алматы қаласы мен ондағы шалғай аудандарды дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар конкурсының үздік жұмыстары ұсынылды:

Жоба атауы
жоба жөніндегі ақпаратқа сілтеме

Өтінім беруші
Urban Forum Kazakhstan, https://www.facebook.com/urbanforum.kz/  https://urbanforum.kz Urban Forum Kazakhstan ҚҚ
Көршілер театры (Театр соседей) https://www.facebook.com/neighborstheatre/ Eco Kultura ҚҚ
Алматы қаласы, Алатау ауданындағы «Қарасу» ықшамауданындағы өзен-көлдерді қайта қалпына келтіру, экологиялық қоғамдастықтар құру

https://www.facebook.com/sergei.vasiliev.980

Васильев Сергей Владимирович
БАЛАПАН еліне саяхат

https://www.facebook.com/almatymuseums/

«Алматы қаласының музейлер бірлестігі» МҚКМ
«Учимся любить, учимся беречь» атты экологиялық білім беретін жоба

https://www.facebook.com/uchimsya.berech/?fref=ts

«Тауасар Фонд» ҚҚ
ArchCode – сәулет өнерінің мәдени мұраларын түгендеу

https://www.facebook.com/ArchcodeAlmaty/?fref=ts

Ажиев Адиль Мирсултанович
Алматыдағы ауа алабының қазіргі экологиялық жағдайына талдау жасайтын, көрсеткіштерін анықтап, ұсыныс айтатын сарапшылар тобы

https://www.facebook.com/almatyurbanair/?fref=ts&ref=br_tf http://auagroup.kz/

«Common Sense» ҚҚ
“URBAN TALKS” атты қаланы көркейту жұмысы жоспарлау әрі дамыту тақырыптарына арналған ай сайынғы кездесу

https://www.facebook.com/urbantalksalmaty/?fref=ts&ref=br_tf

Новоселова Катерина Сергеевна
Спорт – бәріміз үшін

https://www.facebook.com/Sport-Concept-1485067775105756/?fref=ts&ref=br_tf

«Sport Concept» ҚҚ

 

 

 

 

 

******************************************

Жиі қойылатын сұрақтар:

Сорос-Қазақстан қоры қандай ұйым?

 «Сорос-Қазақстан қайырымдылық» корпоративтік қоры (СҚҚ) – 1995 жылы «Ашық қоғам» Институтымен құрылған еліміздегі үкіметтік емес ұйым. Мақсатымыз – Қазақстандағы ашық қоғам құндылықтарын насихаттау. 2017 жылы Қор базасында «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы ашылды, мақсаты – сөз бостандығы, қоғамдық қатысуды жетілдіру, инклюзия мәселелерін дамытуды көздейтін азаматтық қоғамның әртүрлі өкілдері арасындағы серіктестіктің инновациялық тәсілін қолдау. www.soros.kz сайтынан Қор жөнінде және оның бағдарламалары, бастамалары туралы қосымша мәлімет алуға болады.

 

Urban Forum Kazakhstan дегеніміз не?

Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қоры (Урбан Форум Казахстан, UFK) 2015 жылдан бері зерттеу жүргізу, мүдделі тараптардың тұрақты түрдегі диалогын құру, белгілі бір мәселеге қатысты ұсыныстар даярлау, азаматтардың бастамаларын қолдау және қолданбалы урбанистік жобаларды жүзеге асыру арқылы қаланың тыныс-тіршілігін зерттеудің, оны көркейтудің ретін тауып, бұл мақсатта жан-жақты жұмыс атқарып келеді. Қоғамдастықтың ұйымдастыру орталығы құрамына сәулет өнері, саясат, урбандалу, әлеуметтану және маркетинг салаларының кәсіби мамандары кіретін сарапшылар тобы.

Мақсатымыз – қалалық қоғамдастықтардың өзара, тұрғындармен, билікпен және бизнес өкілдерімен дұрыс диалог, тиімді қарым-қатынас орнатуын ұйымдастыру әрі оны жүргізіп отыру, нәтиже шығару. Құндылығымыз – қалалық деңгейдегі шешімдердің қабылдануына, олардың жүзеге асуына қалың бұқараны, сарапшылар тобын қатыстыру, тұрғындардың барлық табына қолайлы әрі мейірімге толы орта жасау, шалғайдағы аудандарды дамыту және еліміздегі қалалардың әлеуметтік капиталын арттыру.

www.urbanforum.kz  сайтынан Алматы Урбан Форум туралы қосымша ақпарат таба аласыз.

 

Бұл конкурсқа кім өтінім бере алады?

Жобаны жүзеге асыру кезінде Қазақстанда тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар – ҚР азаматы және ҚР-да тіркелген заңды тұлғалар (ұйымдар, ҮЕҰ).

 

Қанша сома сұрай аламын?

Жобаңыздың барлық шығынын есептей отырып, өтінім жіберуіңіз қажет, жалпы құны 4 млн теңгеден аспауы тиіс. Өтінім формасында бюджет кестесінің үлгісі бар, соны толтыру шарт. Сізге және сіздің жобаңызға қажет бюджет көлемін алдын-ала көрсетуіңіз керек. Бұл мәлімет жобалап көрсетілуі мүмкін. Қаржыландыру туралы шешім қабылданғаннан кейін де қажет болған жағдайда бюджет көлемі өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

 

Өтінімдерді қарау ұзақтығы қаншалықты?

Өтінім жібергеннен кейін, оның тіркелгені туралы Сізге хабарлама келеді. Өтінім жіберген уақыттан бастап екі күн ішінде хабарлама келмеген болса, Қор қызметкерлерімен байланысып, мәселенің мән-жайын анықтаңыз. Өтінімдерді қарастыру барысында Қор сізден қосымша мәлімет сұрауы бек мүмкін. Таңдалғандар туралы ақпарат дедлайн уақыттан кейінгі 10-15 ішінде анық болады. Бұдан кейінгі қадам – тренинг өткізу, қажет жағдайда өтінімнің мән-мазмұнын толықтыру. Ақырғы шешім 2019 жылғы мамырдың соңында жария болады. Сонымен, өтінім қабылдау аяқталған кезден бастап соңғы шешім шыққанға дейінгі уақыт аралығы – жобамен 2 ай.

 

Жоба аяқталғаннан кейін не істеуім қажет?

Қормен жасалған келісімшартқа сәйкес, Жобаңыздың нәтижесі жөнінде қаржы есебін, шығармашылық есеп тапсыруыңыз қажет. Сондай-ақ, СҚҚ қызметкерлері, Urban Forum Kazakhstan тобымен үнемі байланыста болуыңыз шарт. http://ru.soros.kz/grants/reporting сілтемесіне өтіп, қорытынды есеп даярлау ретімен толық таныса аласыз.

[1]  (placemaking, ағылшын тілінен аударғанда «place» — «место») – қоғам қолданысындағы тұрақ-мекендерді тұрмыс-тіршілікке қолайлы ету, қоршаған ортаны көркейту, сол ортаны көрікті жерлермен, көркем жәдіргерлермен жабдықтау, сондай-ақ, тың басқару тәсілінің, қала имиджін өзгертудің тұжырымдамасы әрі жан-жақты зерттеу тәсілі. Плейсмейкингтің негізгі идеясына сенсек, қоғамның күш-қуаты, ынта-жігері қоғамдық кеңістіктерді жақсартуға жұмсалмақ, бұл, өз кезегінде, әлеуметтің өмір сүру сапасының артуына септеседі. Бұл тұжырымдама қоғамдық кеңістіктердің барлығы психологиялық тұрғыда қала тұрғындарына тиесілі (заңды күші болмаса да) екенін меңзейді.