20/08/2019
Білім беру саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыруға арналған шағын гранттар конкурсы
31/07/2019
Қоғамдық саясат мәселелерін қамтитын оқу семинарларына қатысуға арналған байқау
22/08/2019

Колледж және кәсіби білім беру ұйымдары түлектерінің әлеуметтік-экономикалық портретін зерттеуге байқау

Сорос-Қазақстан қоры «Ашық экономика» бастамасы аясында колледж және кәсіби білім беру ұйымдары түлектерінің әлеуметтік-экономикалық портретін зерттеуге байқау жариялайды. 

І.  «АШЫҚ ЭКОНОМИКА» БАСТАМАСЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

«Ашық экономика» бастамасының ұстанымы – адам құқығына ерекше басымдық беретін инклюзивті бастамаларды қолдау. Осы мақсатта аталмыш бастама:

  • Еліміздің экономикалық инклюзивтігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның экономикалық саясатына ашық талқылаудан өткен ұсыныс беруге;
  • Экономикалық реформалардың түйткілді мәселелері бойынша қоғамдық талқылау құру, қалыптастыруға;
  • Экономика саласының сарапшылары, талдау орталықтары және мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынас ауқымын кеңейтуге;
  • Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуіне септесетін ЭЫДҰ және өзге халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын жүзеге асыруға бағытталған жобаларға қолдау көрсетеді.

II. МӘСЕЛЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

«Білім берудегі мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру жолдары» («Пути повышения эффективности управления государственными активами в образовании») зерттеуіне сәйкес, 2015/2016 оқу жылының басында Қазақстан Республикасында 780 техникалық және кәсіптік білім беретін дербес ұйым (бұдан әрі – ТжКБҰ) және 18 бөлімше жұмыс істеген. 2015 жылғы ТжКБҰ түлектерінің саны – 165 946 адам, оның 95 397 немесе 57,5% жұмысқа орналасып, ал 14 103 (8,5%) оқуын жалғастырған. Осылайша, 2015 жылы 56 446 түлек немесе 34 пайызы ни-ни (NotinEducation, NotinEmployment) ұрпаққа қосылды деген болжам бар немесе еліміздің тиісті нормативтік-құқықтық  реттеу тетігінен ада (зейнетақы салымы, әлеуметтік кепілі жоқ, құқықтық тұрғыда қорғалмаған) бейресми (заңсыз) экономикасының бір бөлігіне айналды.

Бұл дерекке зер сала отырып, жыл сайын еліміздегі барлық ТжКБҰ түлектерінің 1/3-і «жұмыссыздар мен оқымайтындардың» қатарына қосылатынын немесе бейресми «сұр» экономиканың қатысушыларына айналатынын болжауға болады. 2015 жылдан бергі бес жылда олардың саны қаншалықты артқанын көз алдыңызға елестете беріңіз.

Өмір сүру мен әлеуметтік қамтудың жоғары стандарттарына қол жеткізген дамыған елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы «ни-ни» ұрпағы ата-анасы немесе мемлекет тарапынан ұзақмерзімді қаржылай қолдауға үміт арта алмайды, сондықтан экономикалық қатынастың белсенді мүшесіне айналудың орнына қоғамға масыл болады. Тұрғындардың бұл тобы өзінің экономикалық әлеуетін толыққанды пайдаланбайды, экономикалық құқығы мен мүмкіндігін жүзеге асыруға мүдделі емес, елінің экономикалық өміріне белсенді араласып, өз үлесін қосудан артта қалады. Бұдан өзге, Қазақстанда тұрғындардың аталмыш категория өкілдерін еңбек нарығы мен экономикалық қатынасқа жұмылдырудан туындайтын экономикалық “пайданы” бағалау бойынша әлі күнге дейін зерттеу жүргізілген жоқ.

III. ЗЕРТТЕУ ГЕОГРАФИЯСЫ

Бастапқы кезеңде ТжКБҰ түлектерінің әлеуметтік-экономикалық портретін зерттеу бойынша Қазақстан бір аймағында (мәселен Алматы) пилоттық жоба жасау ұсынылады. Нәтижесінде еліміздің 14 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қалалары толықтай қамтылады. Бюджетті үнемдеу әрі қайта таныстыру үшін жобаны еліміздің бес аймағында (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс, орталық) өткізуге болады. Бұл тәсіл географиялық тұрғыдан кең ауқымды қамтуға, аймақтық ерекшеліктерді, ТжКБҰ түлектерінің кәсіби дамуына ықпал ететін жергілікті және жалпыұлттық әлеуметтік-экономикалық факторларды айғақтауға мүмкіндік береді.

IV. ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТМІНДЕТТЕРІ

  1. Колледж және кәсіби білім беру мекемелері түлектерінің әлеуметтік-экономикалық портретін жасау (материалдық жағдайы, әлеуметтік мәртебесі, кәсіби дамуы).
  2. Колледж және кәсіби білім беру мекемелері түлектері үшін әлеуметтік ресми және бейресми сатылардың тиімділігін бағалау (жұмысқа орналасудың, білім алудың, дамудың ресми және бейресми жолдары).
  3. Колледж және кәсіби білім беру мекемелері түлектерінің жұмысқа орналасуы мен дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін бағалау (мемлекеттік жастар бағдарламасы, жастардың еңбек биржасы, кәсіби даму және біліктілікті арттыру орталықтары).
  4. Қазақстандағы арнайы орта білім берудің (колледж және кәсіби білім беру мекемелері) бәсекеге қабілеттілігі мен сұраныста болуына баға беру.
  5. Колледж және кәсіби білім беру мекемелері түлектерінің жұмысқа орналасуы және кәсіби дамуы кезінде бетпе-бет келетін проблемаларын анықтау.
  6. ТжКБҰ түлектерінің экономикалық құқығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша ұсыныс даярлау.
  7. ТжКБҰ түлектері мен жастарға коммерциялық және қоғамдық институттар тарапынан көрсетілетін қолдаудың тиімділігін бағалау (бизнес-инкубаторы, өндірістік тәжірибелер).
  8. ТжКБҰ түлектерінің экономикалық құқығы мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге мүдделі тараптардың арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнату.

V. МҮДДЕЛІ ТАРАПТАР

Зерттеу қорытындысы мен нәтижесі келесі ұйымдар мен институттардың қызығушылығын тудыруы мүмкін:

  • ҚР заң шығарушы органдары (мәжіліс пен сенат)
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі
  • ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі
  • ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
  • «Кәсіпқор» холдингі үкіметтік емес акционерлік қоғамы
  • Халықаралық, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар
  • Қоғамдық кеңестер
  • Консультативтік органдар

VI. ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ

Зерттеу жүргізу тәсілдері мен құралдары осы аталған техникалық сипаттамада көрсетілген мақсат-міндеттерге және нәтижелерге сәйкес таңдалады.

VII. ЗЕРТТЕУ БАҒЫТЫ

ТжКБҰ түлектерінің әлеуметтік-экономикалық портретін зерттеу жұмысы төмендегі негізгі тақырыптық бағыттарды қамтиды:

  1. Жұмыспен қамту және кәсіби даму
  • Ресми немесе бейресми сектор
  • Мамандығы бойынша немесе кәсібіне сай емес жұмыс
  • Жұмысқа орналасудың ресми және бейресми жолдары (еңбек биржасы, тамыр-таныстық, оқу орны арқылы)
  • Жұмысқа орналасуға кеткен уақыт
  • Өндірістік тәжірибе және кәсіби тағылымдама
  • Біліктілікті арттыру және категория
  • Еліміздің еңбек нарығындағы кәсіби білім мен мамандықтарға деген сұраныс
  1. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы
  • Респонденттің айлық табысы (отбасылық табыс) және аймақтардағы орта табыс көрсеткіщі (номиналды және нақты табысы)
  • Отбасылық қарым-қатынасы мен мәртебесі
  • Зейнетақы салымы
  • Туған жері, тұрғылықты мекені, оқуы мен жұмысы
  • Тұрғын-үй жайы (жекеменшік баспанасы, жалдап тұру, ата-анасымен тұруы)
  1. Білімі
  • Оқу формасы (күндізгі немесе сырттай)
  • Ақылы немесе тегін білім алу (грант, ата-анасының көмегімен, өз қаражаты)
  • Жоғары білім (оқу барысында, жоспарында бар, білімі жоқ)
  1. Өмірлік және кәсіби құндылықтары
  • Кәсіби құндылықтары
  • Өмірлік құндылықтары
  1. Болашаққа жоспары
  • Басқа елге немесе елдімекенге қоныс аудару
  • Жұмысын ауыстыру
  • Қызметте өсу
  • Қосымша білім алу
  1. Әлеуметтік көңіл-күйі
  • Ертеңіне сенеді яки сенбейді
  • Материалдық жағдайына көңілі толады немесе толмайды
  • Қоғамдағы әлеуметтік мәртебесі
  1. Хоббиі, қызығушылығы, бос уақыты
  • Қызығушылығы және хоббиі
  • Клубтар мен секциялар
  1. Өмірлік ұстанымы
  • Кәсіби және өмірлік жолы
  • Кәсіби және өмірлік басым-бағыты

VIII. ЖОБА НӘТИЖЕСІ

ТжКБҰ түлектерінің әлеуметтік-экономикалық портретін зерттеу жөніндегі жоба нәтижесінде:

  • ТжКБҰ түлектерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде есеп және презентация;
  • Мемлекеттің жастарға, соның ішінде ТжКБҰ түлектеріне қолдау көрсету саясатының тиімділігіне бағалау;
  • ТжКБҰ түлектерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру бойынша ұсыныстар;
  • Барлық мүдделі тараптар мен ұйымдардың арасында серіктестік орнатудың жол картасы;
  • Қазақстандағы ТжКБҰ түлектері туралы қысқаметражды әлеуметтік фильмдер;
  • Зерттеу барысында ұсынылған өзге де шешімдерге қол жеткізіледі.

ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ

Байқауға қатысуға Байқауға қатысуға мүдделі тұлғалар мынадай құжаттар тізімін ұсынуы қажет:

  • Қор бекіткен (сайтта қолжетімді) өтінім үлгісінің Word форматындағы толтырылған нұсқасы:
    • жеке тұлғаларға арналған өтінім үлгісі, мына жерден жүктей аласыз
    • заңды тұлғаларға арналған өтінім үлгісі, мына жерден жүктей аласыз
  • Жеке тұлғаның және/немесе өтінім ұйымның атынан ұсынылған жағдайда жобаны жүзеге асыратын негізгі орындаушылардың түйіндемесі;

Үміткерлер өзінің кандидатурасын бағалауға септігін тигізетін қосымша құжаттарын тіркеп, жіберуге құқылы.

Байқауға қатысуға ниетті тұлғалар 2019 жылдың 6 қазанына (сағат 24:00-ге) дейін өтінім жібере алады.

 Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды. Толтырылған өтінімді тек Word форматында «Открытая экономика – ТиПО» деген атаумен application@soros.kz және  sorosapplication@gmail.com электронды мекен-жайларына жіберіңіз.

Барлық өтінімдерді «Ашық экономика» бастамасының сарапшылар комитеті тіркейді және жіті қарайды. Қажет болған жағдайда, Қор үміткерден осы конкурсқа қатысты қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

Байқауға қатысты қоятын сауалыңыз болса, Сорос-Қазақстан қорының Бағдарламалар директоры Бота Аязбаеваға хабарласа аласыз:

Жұмыс телефоны: +7 (727) 258 13 54 (ішкі 1005)
Электронды мекен-жайы: bayazbayeva@soros.kz