15/07/2020
Сорос-Қазақстан қорының дербес мәліметтерді қолдануы туралы
02/06/2020

Цифрлы еркіндіктер саласында қоғамдық мәселелерді қалай шешуге болады – жазғы онлайн-шеберхана

Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы сіздерді цифрлы еркіндіктер саласында қоғамдық мәселелерді шешуге арналған білім беру курсына қатысуға шақырады. Курс өз жұмысын 25 маусымда бастайды. Кусты Human Constanta (Беларусь) ұйымының PR, коммуникация және қоғамдық кампанияларды ұйымдастыру бойынша сарапшылар мен SecDev Foundation (Канада) ұйымының интернетегі еріндік пен электроды демократия саласының кеңесшілері жүргізеді.

Курс не туралы:

Шеберхана бұл – цифрлы бостандық саласында қоғамдық мәселелерді шешу маңызды болып табылатын адамдардың бас қоса алатын кеңістігі. Ол жерде олар тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін инструменттерді үйреніп, өз кампанияларын жоспарлауға уақыт тауып, жеке және топтық әлеуетін күшейте алады.

Курс аясында қатысудың 3 кезеңі қарастырылған:

  1. Адвокация туралы жалпы ақпарат: қоғамдық маңызы бар мәселе дегеніміз не, мақсатты қалай анықтауға болады, жоспарлауды неден бастау керек және осы ретте командадағы қарым-қатынасты қалай құру керек, қоғамға арналған хабарламаларды қалай дайындау керек және т.б. Бұл кезеңде сіздер қоғамдық мәселелер, мақсаттар, аралық нәтижелер аясында жұмыс істеп, бастапқы әрекет ету жоспарын дайындайсыз;
  2. Терең жоспарау: бұл жерде біз өз әрекеттерімізді тыңғылықты жоспарлаймыз, қажет ресурстарды, күнтізбелік кестені сипаттаймыз, медиамен әрекеттесу, әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша тәжірибиемен алмасамыз және т.б.;
  3. Кампанияны жүзеге асыру үшін сұранымды дайындау – бұл жерде кампанияңызға қаржылық қолдау табу үшін идеяларыңызды сарапшылармен талқылай аласыз.

Шеберхана кімге арналған:

Кампанияны жоспарлау үшін өз командаңның болғаны жөн, сондықтан шеберханаға қатысуға біз құқық қорғау ұйымдарының өкілдерін шақырамыз. Қазіргі уақытта оларға заңнамалық өзгерістер тұсында цифрлы еркіндіктерді сақтау тақырыбы маңызды болуы шарт. Әр ұйымнан 3 адамнан артық болмауы керек, әрқайсысы сұранымды бөлек-бөлек толтыруы керек.

Бірақ егер тақырыпқа деген қызығушылығыңыз бар болып, алайда командаңыз жоқ болса, шеберхана жұмысына өзге топтардың жұмысына қосылу мүмкіндігімен қатысуға аласыз.

Оқу қалай өтетін болады?

Барлық сабақтар онлайн өтеді. Сондықтан сізге жақсы интернет байланысы және веб-камерасы бар компьютер қажет. Дәрістер аптасына екі рет өтеді: сенбіде сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін және сәрсенбі күні 18.00-ден 20.00-ге дейін.

Онлайн сабақтардан өзге үй жұмыстарын орындау керек болады.

Қашан?

1-кезең сабақтарының кестесі:

25 шілде (сенбі) сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін

29 шілде (сәрсенбі) 18.00-ден 20.00-ге дейін

1 тамыз (сенбі) сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін

5 тамыз (сәрсенбі) 18.00-ден 20.00-ге дейін

2-кезең:

12 тамыз (сәрсенбі) 18.00-ден 20.00-ге дейін

15 тамыз (сенбі) сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін

12 тамыз (сәрсенбі) 18.00-ден 20.00-ге дейін

22 тамыз (сенбі) сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін

3-кезең – 23 шілдеден 31 тамызға дейін.

 Қалай қатысуға болады?

Қатысу үшін:

– барлық сабақтардың 90%-на қатысу мүмкіндігіңіз болуы керек;

– сабақтарға жақсы интернеті бар компьютермен веб-камера арқылы қосылу мүмкіндігі болуы керек;

– елімізде цифрлы бостандықтар саласындағы қарапайым мәселелер туралы түсінігінің болуы және оны шешуге деген ниетінің болуы керек;

– 23 шілдеге дейін келесі сілтеме арқылы сұранымды толтыру қажет https://forms.gle/tc949EbufsvDxF4d7

Курстың жұмыс тілі – орыс тілі

Қосымша ақпарат алу үшін Сорос-Қазақстан қоры Ақпараттық бағдарламасының үйлестірушісі Алия Шәріпбаеваға келесі байланыс құралдары арқылы хабарласа аласызар:

Моб. тел.: +7 771 990 7475

E-mail: asharipbayeva@soros.kz