28/05/2019
Білім беру саласындағы көлемді мәліметтерді талдап, түсіндіру бойынша байқаудың қорытындысы
27/05/2019
Алматыда мүгедек балалары бар аналарға арналған орталық есігін ашты
30/05/2019

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бойынша Халықаралық жазғы мектепке қатысуға арналған байқау

«Қайрат Иманалиев атындағы мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың құқықтары жөнінде Комиссия» ҚБ-і Ашық Қоғам Қорларының қолдауымен және Мүгедектігі бар адамдардың Халықаралық Альянсымен (International Disability Alliance) серіктестік жағдайда 2019 жылдың шілде айының 29-нан тамыздың 2-не дейін  мүгедектігі бар адамдардың құқықтары бойынша II Халықаралық Жазғы Мектепті өткізеді.


Бес күн барысында отыз бес қатысушы мүгедектігі бар адамдардың құқықтары үшін халықаралық қозғалыстың өкілдері – белгілі құқыққорғаушылар және сараптамашылардың жетекшілігімен БҰҰ-ның «Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы» Конвенциясы (МбАҚтК) мен БҰҰ-ның Тұрақты даму Мақсаттарының (ТДМ) ережелері негізінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мен алға жылжыту саласында жаңа білімдер алып, оларды күнделікті жұмыстарында қолдану дағдыларына ие болады. Онымен қоса МбАҚтК мен ТДМ бір-біріне қалайша қолдау көрсететінін түсініп, оларды жүзеге асыру үдерісін мониторингтен өткізу құралдары мен  техникаларын біледі. Қатысушылар БҰҰ-ның «Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы» Конвенциясының жаңашыл жақтарымен танысып, адвокация, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және оны тиімді түрде жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты жинақтау  салаларында әлеуетін көтереді.

Биылғы жылы жобаға Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және Белоруссия мемлекеттерінен келетін қатысушылар қосылады, бұл жағдай мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласында өзге елдердің жинақтаған тәжірибесімен алмасуға мол мүмкіндік береді.

Жазғы Мектептің Тренерлары ретінде халықаралық сараптамашылар болады:

  1. Гунта Анча (Мүгедектік бойынша Еуропалық Форум);
  2. Янина Арсеньева (СпинаБифида және Гидроцефалия мәселелері бойынша Халықаралық Федерация).

Қазақстанның тарапынан қатысушыларға талаптар:

Жазғы мектепке қатысуға бірінші кезекте мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын алға жылжытуға белсенді түрде қатысушы мүгедектігі бар адамдар шақырылады. Онымен қоса осы шараға қатысуының негізгі мақсаты ретінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау болып табылатын мүгедектігі бар адамдардың отбасы мүшелерінен келген тапсырыстар қолдау табады. Мүгедектігі бар адамдардың ұйымдарының қызметкерлері де тапсырыс бере алады.

Қатысушылар адам құқықтары мен бостандықтары тақырыбы, мүгедектігі бар адамдардың құқықтары саласында негізгі халықаралық құжаттардың басты ережелерін біледі деген тұжырым болжанады. Қатысудың басты көрсеткіші ретінде алған білімдер мен икемдерді практика жүзінде қолдану мүмкіндігі белгіленген.

Жоғарыда аталғандармен қатар төмендегі жағдайлар негізге алынады:

– адам құқықтарын қорғау идеясына шынайы қызығушылық және адам құқықтары саласында негізгі білім;

– зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысы және құқық қорғау жобаларын жүзеге асыру;

– адам құқықтарын қорғаумен байланысты қызметке бұған дейін қатысу тәжірибесі, сонымен қоса ағылшын тілін білу.

Назар аударыңыздар! Өкінішке орай, былтырғы Жазғы Мектепке қатысушылар байқауға қатыса алмайды.

Қатысушыларды іріктеу тәртібі:

Қатысушыларды іріктеу екі кезеңде өтеді:

– I-кезең: байқауға қатысу тапсырыстарымен танысып, іріктеу;

– II-кезең: сараптамашылар комиссиясының мүшелерімен жеке сұқбат.

Қатысушыларды тапсырыстар мен сұқбат негізінде сараптамашылар комиссиясы анықтайды; онымен қоса гендерлік теңдік көрсеткіштері және қызмет түрлерінің түрлілігі ескеріледі; басқа да тең жағдайларда мүгедектігі бар талапкерлердің тапсырыстарына басымдылық беріледі (1), ең осал топ және байқалмайтын мүгедектігі бар талапкерлерге көңіл аударылады (2) және өңірлерден келген тапсырыстарға ерекше назар болады (3). Қажет болған жағдайда ұйымдастырушылар тапсырыс берушіден осы байқауға қатысумен байланысты қосымша ақпарат сұратуы мүмкін.

Жазғы Мектепте қатысумен байланысты барлық шығындар – жол жүру, трансфер, тұру, үш реттік тамақтануды ұйымдастырушылар тарапынан. Ұйымдастырушылар мүгедектігі бар тұлғаларға шараның қолжетімділігі мақсатында барынша барлық жағдайларды (кедергісіз орта, материалдардың қолжетімділіг т.б.) жасауға тырысады.

Тапсырысты онлайн түрде 2019 жылдың маусым айының 21-не дейін сағат 23.59-ға дейін http://tandau.tilda.ws/zayavka-ls сілтемесі бойынша толтыру керек. Осы мерзімнен кейін келген тапсырыстар қарастырылмайды. Тапсырыстарға рецензия берілмейді және олар  қайтарылмайды.

Байқауды ұйымдастырушылар сапалы тапсырыстарды алуға мүдделі болғандықтан тапсырыс берушілер байқаудың шарттары туралы нақтылаушы сұрақтарды +77758881818 WhatsApp нөмірі бойынша Гульжан Амангельдиноваға дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 12:00-ге дейін және 13:00-ден 18:00-ге дейін бере алады.