30/07/2019
«OK, Google, цифрлық құқық дегеніміз не?» тренингіне байқау
26/07/2019
Білім беру саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыруға арналған шағын гранттар конкурсы
31/07/2019

Экономикалық құқықтарды жылжытуға бағытталған жобалар мен зерттеулер байқауы

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) «Ашық экономика» бастамасы аясында әлеуеттің әлеуметтік әлсіз тобының экономикалық құқығы мен мүмкіндігін, сондай-ақ еліміздің инклюзивті экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруға байқау (грант тағайындау) жариялайды.

І.  «Ашық экономика» бастамасы туралы қысқаша мәлімет

«Ашық экономика» бастамасының ұстанымы – адам құқығына ерекше басымдық беретін инклюзивті бастамаларды қолдау. Осы мақсатта аталмыш бастама:

  • Еліміздің экономикалық инклюзивтігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның экономикалық саясатына ашық талқылаудан өткен ұсыныс беруге;
  • Экономикалық реформалардың түйткілді мәселелері бойынша қоғамдық талқылау құру, қалыптастыруға;
  • Экономика саласының сарапшылары, талдау орталықтары және мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынас ауқымын кеңейтуге;
  • Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуіне септесетін ЭЫДҰ және өзге халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын жүзеге асыруға бағытталған жобаларға қолдау көрсетеді.

II. Байқаудың мақсат-міндеті

«Ашық экономика» бастамасының (грант беру жөніндегі) байқауы әлеуметтік әлсіз тобының экономикалық құқығы мен мүмкіндігін, сондай-ақ еліміздің инклюзивті экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыру мақсатында өткізіледі. Бұл байқау барысында еліміздің аймақтарында жүзеге асырылатын жобаларға ерекше көңіл бөлінеді.

Ұсынылатын жобалар:

  • мүмкіндігі шектеулі жандар;
  • мүгедектігі бар балалардың ата-аналары;
  • жұмыссыз жастар;
  • ішкі және еңбек мигранттары сияқты әлеуметтік әлсіз топтардың экономикалық құқығы мен мүмкіндігін қамтамасыз етудің өзекті проблемаларын шешуге, я болмаса жан-жақты зерттеуге септігін тигізуі шарт.

«Ашық экономика» бастамасы жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін:

  • Тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының экономикалық құқығы мен мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
  • Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті төмендетуге;
  • Әлеуметтік әлсіз топтар үшін әлеуметтік және экономикалық әділеттілік орнатуға;
  • Тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының экономикалық құқығы мен мүмкіндігін шектейтін кедергілерді зерттеу, сондай-ақ, әлеуметтік осал топ өкілдерінің экономикалық тұрғыда өзін-өзі дамыту жөнінде ұсыныстар даярлауға;
  • ашық қоғам құндылықтары мен адам құқығын негізге ала отырып, еліміздің инклюзивті және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға қолдау көрсетеді, грант бөледі.

Міндеті:

  • Тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының экономикалық құқығы мен мүмкіндігін қамтамасыз етуге кедергі болып тұрған нақты әрі шешімі бар проблемаларды анықтау;
  • Анықталған мәселені жан-жақты зерттеп, халықаралық үздік тәжірибелерге сүйене отырып, қоғамның әлеуметтік әлсіз тобының экономикалық құқығы мен мүмкіндігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс даярлау;
  • Таңдалған түйткілдің түйініy тарқату бойынша нақты жұмыс жоспарын әзірлеу;
  • Тұрақты әрі ұзақмерзімді нәтижеге қол жеткізу;
  • Қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарының мәселелерін шешуге мүдделі тараптарды жұмылдыру;
  • Тұрғындардың әлеуметтік осал топтарының күнтәртібіндегі проблемаларын шешуге қоғамның және өзге тараптардың қатысу белсенділігін арттыру;
  • Қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарының проблемалары мен жоба нәтижесін насихаттау, тұрғындарды хабардау ету;
  • Жобаны жүзеге асыру арқылы ұзақмерзімді, тұрақты экономикалық әсер қалдыру.

III. Қатысушылар және грант тағайындау тәртібі

Қатысушылар

Грант 18 жастан асқан жеке және/немесе заңды тұлғаларға бөлінеді.

Байқау шеңберінде:

  1. Әлеуметтің осал топтарының нақты бір өзекті мәселелерінің тұрақты шешімін табуға бағылтталған жобалар;
  2. Қоғамның әлеуметтік әлсіз топтарының өзекті проблемаларын кешенді түрде зерттеп, ұсыныстар даярлап, оның нәтижесін насихаттау, яғни тұрғындарды хабардар етуге бағытталған жобалар қабылданады:

Конкурстың негізгі категориясы:

  1. Адвокациялық жобалар;
  2. Зерттеулер.

 Грант тағайындау тәртібі

Байқауға қатысуға мүдделі тұлғалар мынадай құжаттар тізімін ұсынуы қажет:

  • Қор бекіткен (сайтта қолжетімді) өтінім үлгісінің Word форматындағы толтырылған нұсқасы:
    • жеке тұлғаларға арналған өтінім үлгісі, мына жерден жүктей аласыз
    • заңды тұлғаларға арналған өтінім үлгісі, мына жерден жүктей аласыз
  • Жеке тұлғаның және/немесе өтінім ұйымның атынан ұсынылған жағдайда жобаны жүзеге асыратын негізгі орындаушылардың түйіндемесі;

Үміткерлер өзінің кандидатурасын бағалауға септігін тигізетін қосымша құжаттарын тіркеп, жіберуге құқылы.

Бағалау критерийлері

«Ашық экономика» бастамасының сарапшылар комитеті келесі көрсеткіштер негізінде өтінімге баға береді:

  • Таңдалған мәселенің өзектілігі, негізді болуы, шешілу мүмкіндігі;
  • Әлеуметтің әлсіз тобының нақты проблемасын шешуге бағытталуы;
  • Таңдалған әлеуметтік топтың экономикалық мәселесін шешу жөнінде қоғамды және өзге тараптарды ақпараттандыру және оларды жұмылдыру тәсілдері;
  • Нәтиженің қолжетімдігі және ұзақмерзімді болуы;
  • Грант аяқталғаннан кейінгі жоба тұрақтылығы.

Өтінім беру және жобаны жүзеге асырудың мерзімі

Байқауға қатысуға ниетті тұлғалар 2019 жылдың 30 тамызына (сағат 24:00-ге) дейін өтінім жібере алады.

Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды. Толтырылған өтінімді тек Word форматында «Ашық экономика» бастамасының гранты» («Грант инициативы «Открытая экономика») деген атаумен application@soros.kz және  sorosapplication@gmail.com электронды мекенжайларына жіберіңіз.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі келісімшартқа қол қойған күннен бастап 6 айдан 12 айға дейін созылуы мүмкін.

Барлық өтінімдерді «Ашық экономика» бастамасының сарапшылар комитеті тіркейді және жіті қарайды. Қажет болған жағдайда, Қор үміткерден осы конкурсқа қатысты қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

Байқауға қатысты қоятын сауалыңыз болса, Сорос-Қазақстан қорының Бағдарламалар директоры Бота Аязбаеваға хабарласа аласыз:

Электронды мекен-жайы: bayazbayeva@soros.kz

Жұмыс телефоны: +7 (727) 258 13 54 (ішкі 1005). Тамыздың 5-і мен 16-сы аралығында Сорос-Қазақстан қоры жазғы еңбек демалысына кететінін ескеруіңізді өтінеміз.