22/07/2019
Сорос-Қазақстан қорының Жол жүру гранттары
04/01/2019
Колледж және кәсіби білім беру ұйымдары түлектерінің әлеуметтік-экономикалық портретін зерттеуге байқау
20/08/2019

Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы жеке тұлғалардан жол жүру грантына сұраным қабылдайды

Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы digitalrights – цифрлы қоғамдағы құқық пен бостандық саласындағы қазақстандық мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру және сарапшы ретіндегі әлеуетін арттыру мақсатында жеке тұлғалардан жол жүру грантына сұраным қабылдайды. Сұраным 2019 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.

 Бұл не?

Аталмыш грант цифрлы қоғамдағы адам құқығы мен бостандығы саласындағы бірқатар тақырыптар бойынша өтетін шараларға (тренинг, конференция, семинар және тағы басқа) қатысу үшін бөлінеді, мәселен:

  • киберқұқық,
  • ғаламтордағы еркіндік,
  • дербес мәліметтерді қорғау,
  • жеке өмірге қол сұқпау құқығы,
  • мемлекеттік ақпаратқа қолжетімділік (opendata, personaldata)
  • фактчекинг және ақпараттық тазалық.

Мақсаты қандай?

  • осы аталған салалардағы әлемдік стандарттар мен үздік тәжірибелерді меңгеру және алған білім-тәжірибені әрі қарай қазақстандық жағдайға бейімдеу;
  • сапалы әрі сауатты серіктестік қалыптастыру мақсатында кәсіби байланыс орнату және тәжірибе алмасу;
  • цифрлы қоғамдағы қазақстандықтардың құқығы мен бостандығы мәселесінде азаматтардың білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру.
  • қазақстандықтардың құқығы мен бостандығын онлайн ортада қамтамасыз ету мәселесіне назар аудару; жалпы қазақстандықтардың цифрлық құқығы мен бостандығы мәселесінде кәсіби қоғамдастықтардың да, қоғамның да хабардарлығын арттыру.

Кімдер қатыса алады?

Қазақстан аумағы бойынша онлайндағы адам құқығы мен бостандығы мәселесіне бей-жай қарамайтын және осы салада бірнеше уақыттан бері жұмыс істейтін құқыққорғаушылар, қоғам белсенділері, қоғамдық ұйым өкілдері, заңгерлер, зерттеушілер, академиялық орта өкілдері сұраным тапсыра алады.

Үміткерден:

  • жоғарыда аталған салалардың бірі бойынша жұмыс өтілі;
  • ағылшын тілін жетік меңгеруі (үміткер қатысатын шара шет тілін меңгеруді талап ететін жағдайда);
  • онлайн ортадағы адам құқығы мен бостандығы саласында әрі қарай жұмыс істеуге қызығушылық танытуы және мүдделі болуы талап етіледі.

 Шығын қаншалықты өтеледі?

Әр сұраным бойынша Ақпараттық бағдарламаның Сарапшылар комитеті жеке шешім қабылдайды, аталмыш комитет үміткердің сұранымын мақұлдаған жағдайда Сорос-Қазақстан қоры төмендегі шығындарды өтейді:

  1. Жол ақысы;
  2. Тұратын орны;
  3. Виза шығыны (қажет болған жағдайда);
  4. Шараға қатысу үшін төленетін жарна (ақылы болған жағдайда).

Сұранымдарды жіберу және қарау шаралары:

Сұраным үлгісін төмендегі сілтеме арқылы өтіп, жүктей аласыз.

Сұраным 2019 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады. Өтінім шара өтетін уақыттан 30 күнтүзбелік күн (ТМД елдері бойынша 20 күнтүзбелік күн) бұрын жіберілуі керек. Үміткерлер қандай шараға қатысатынын өздері таңдайды, сапардың (әуе билетін сатып алудан өзге) барлық ұйымдастыру жұмыстарын өздері атқарады.

Үміткер сұранымды толтырып, шараға қатысушы ретінде алған шақыртуымен қоса, application@soros.kz электронды поштасына жіберуі керек. «Хабарлама тақырыбы/subject» дейтін жолаққа «Жол жүру гранты/Ақпараттық бағдарлама» деп белгілеуіңізді сұраймыз.

 Барлық сұранымды грант-менеджер тіркеуге алады және Ақпараттық бағдарламаның Сарапшылар комитеті жеке-жеке қарайды. Сұраным үміткер қатысатын шара мазмұнының Ақпараттық бағдарламаның мақсат-міндеттеріне сәйкес келу критерийлері негізінде, сондай-ақ, үміткердің шараға қатысып келгеннен кейінгі жоспарлы жұмысына және т.б. байланысты бағаланады.

Қор қажет болған жағдайда үміткерден аталмыш конкурсқа қатысуы жөнінде қосымша мәлімет сұратуға құқылы. Сұранымдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Қор мақұлданбаған сұранымдар бойынша түсіндірме бермейді.

 Қосымша сауалыңыз болса, Қордың Ақпараттық бағдарлама үйлестірушісі Алия Шәріпбаеваға хабарласа аласыз: asharipbayeva@soros.kz, байланыс нөмері: +7 (727) 258 13 54.


Прикрепленные файлы