23/07/2019

Сорос-Қазақстан қоры Бухгалтер көмекшісі қызметіне байқау жариялайды

«Сорос-Қазақстан Қайырымдылық қоры» Корпоративтік қоры (әрі қарай СҚҚ) – Қазақстан Республикасындағы ашық қоғамды дамытуға септесуші үкіметтік емес қайырымдылық ұйым.

Бухгалтер көмекшісі Қаржы директорының жетекшілігінде жұмыс істейтін болады.

 Негізі міндетіне:

  • аванс есебін жүргізу;
  • Бас есепшіге көмектесу;
  • ішкі жүйеде жұмыс істеу кіреді.

БІЛІМІ

Жоғары кәсіби (бухгалтер болғаны абзал) білім;

ТӘЖІРИБЕСІ

Жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы керек;

ИКЕМДІЛІГІ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ДАҒДЫСЫ:

  • Microsoft Office бағдарламасының тәжірибелі тұтынушысы болуы;
  • Қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлеуі, ағылшын тілін жетік меңгеруі шарт.

ҚҰЗЫРЕТІ / ЖЕКЕ ҚАБІЛЕТІ

  • Табандылық
  • Аналитикалық ойлау қабілеті
  • Тиімді қарым-қатынас орната білу
  • Ұжымда жұмыс істеу
  • Бастамашыл болу
  • Өзін-өзі дамытуға деген ерік-жігер
  • Жауаптылық
  • Ұқыпты әрі мұқият болу
  • Жедел жұмыс істей білу
  • Тәртіпке бағыну шарт

Өтініш беру тәртібі: сауалнаманы мына сілтеме арқылы жүктей аласыз.

Толтырылған анкетаны, түйіндемеңізді және уәждемелік хатыңызды 2019 жылдың 2 тамызға дейін hr@soros.kz электронды мекен-жайына жіберіңіз. Хаттың тақырыбына (тема) Бухгалтер көмекшісі деп жазыңыз.

Сұхбаттасуға жоғарыда аталған талаптарға толық сәйкес келетін үміткерлер ғана шақырылады.

Үміткер жұмысқа 2019 жылдың 19 тамызында кірісуі керек.

Жалақы мөлшері мен әлеуметтік пакет көлемі үміткердің тәжірибесіне сәйкес тағайындалады.

Кеңсе Алматы қаласында орналасқан.

СҚҚ барлық үміткерлерге тең мүмкіндік береді.