Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма Басшысы қызметіне бос жұмыс орны

Сорос-Қазақстан Қоры дүниежүзілік Ашық қоғам қорларының бөлігі болып табылады. Ашық қоғам қоры, үкіметтері өзінің барлық мүшелеріне есеп беретін және олардың қатысуын қолдайтын, өмірге бейімді және толерантты қоғамдарды құру үшін жұмыс жасап келеді. 1995 жылы негізі қаланған СҚҚ-ның миссиясы азаматтық қоғамның әр алуан бастамаларын қаржыландыру арқылы, ашық, азаматтардың барынша кең қатысу қағидатына негізделген, плюралистік, демократиялық құндылықтарға сүйенген қоғамдарды қолдауға бағытталған. СҚҚ, Ашық қоғам қоры аясында құрылған жеті ұлттық қорлардың, Еуразия аймағында орналасқан ұйымдарының бірі болып табылады. Ұйымды Басқарма басшысы басқарады, және де Ашық қоғам қорының бүкіләлемдік қорлар желісімен өзара ынтымақтастық рухында жұмыс істейді. СҚҚ – Қазақстанда негізгі адам құқықтарын қорғауға кепілдік беретін мемлекеттік саясатты жетілдіру саласында; бюджет ашықтығы мен есептілігін, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік белсенділікті және төзімділікті арттыру бағытында жұмыс жасайтын ұлттық және аймақтық азаматтық қоғам ұйымдарына маңызды қаржылық және сараптамалық қолдау көрсететін, небәрі бірнеше халықаралық донорлық ұйымдарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда СҚҚ қызметтері, жоғарыда атап көрсетілген құндылықтарды қолдайтын жеті бағдарлама және бастама аясында шоғырландырылған. Атап айтқанда олар: адам құқықтары, экономикалық прогресс, әлеуметтік интеграция және бұқаралық ақпарат құралдары.

Жұмыс профилі

Басқарма басшысының нақты міндеттер шеңберіне келесілер жатады, бірақ олармен шектелмейді:

  • СҚҚ стратегиялық басымдылықтарын айқындауда, жоспарлауда және іске асыруда басшылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ Басқарма мен қызметкерлер арасында үздік байланыс пен жұмыс қатынастардың орнатылуын қамтамасыз ету;
  • Ашық қоғамның құндылықтары мен күн тәртібін насихаттау үшін азаматтық қоғам басшыларымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық құрылымдармен және басқа да донорлармен тығыз байланыс орнату және қолдау;
  • Қор стратегиясын ойдағыдай іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық бастамалардың, бюджеттердің, коммуникациялардың керекті қызметкерлермен сүйемелденетін қадағалау;
  • Сорос-Қазақстан қорының негізгі өкілі ретінде сыртқы байланыстар саласында көпшілікке қорды таныстыру;
  • Қаржылық тұрғыдан СҚҚ тұрақты ұйым болып қалуын және оның қаржылық ашықтығын, сәйкестігін және есеп берушілігін дамытуды қамтамасыз ету;
  • тақырыптық басшылардан және бөлімшелердің жедел басшыларынан тұратын аға менеджерлердің тәжірибелі командасына тікелей басшылық жүргізу;
  • СҚҚ қызметтері әділдік пен теңдік, интеграция және әртүрлілік қағидаттарына негізделуін қамтамасыз ету;
  • «Ашық Қоғам Қоры» желісіндегі серіктестермен ынтымақтастық жасау мүмкіндіктерін айқындау және құру, сондай-ақ желі аясындағы ұйымдарды Қазақстанның жаңа үрдістері мен оқиғалары туралы ақпараттандыру;
  • Қызметкерлер лауазымын жоғарылатуды олардың атқарған жұмыстарын ескере отырып және көшбасшылық дағдыларын дамыту арқылы қолайлы еңбек жағдайларын тудыру.

Үміткер профилі

Үздік үміткер адам құқықтары саласында жұмыс тәжірибесі бар, сол салада бейімділік танытқан, Қазақстанның азаматтық қоғамын, сондай-ақ саяси контекстін терең білетін азамат(ша) болуы керек. Ол ашық қоғамның құндылықтары мен қағидаттарына үлкен ілтипатпен қарап, қолдайтын, және ұйым ішінде және одан тыс кемсітпеу, құрметтеу және әділдік принциптеріне негізделген қатынастарды насихаттайтын азамат(ша) болуы керек. Ол адам құқықтары мен әлеуметтік әділеттілік мәселелеріне, сондай-ақ аймақтағы үрдістерге түсіністік пен қызығушылық танытатын, және осы білімді СҚҚ жұмысына және мүддесіне пайдалана алатын азамат (ша) болуы керек. Адалдық, кәсібилік және жоғары моральдық және фидуциарлық стандарттарға сүйену – осы жұмыстың жеке қатынастарға да, институционалдық басқаруға да қажетті айырылмас бөлшегі болып табылады.

Үздік үміткер:

  • басқа ұйымдарда және / немесе жағдайларда дәлелденген, дипломатиялық және проблемаларды шешу машықтары арқылы тексерілген жетік көшбасшылық дағдыларын көрсетуі тиіс;
  • ғылыми дәрежесі; жетік көшбасшылық, басқару және коммуникация машықтарын қажет ететін коммерциялық емес қорларда, ҮЕҰ ассоциацияларында және / немесе ұлттық ҮЕҰ, аналитикалық орталықтарда, академиялық шеңберде, мемлекеттік басқару органдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе басқа салаларда кемінде 10 жыл тәжірибесі, соның ішінде күрделі мекеменің жоғары деңгейінде кемінде бес жыл басшылық және көшбасшылық тәжірибесі болуы тиіс;
  • жұмыс орнында сенімді және әділ пайымдама жасау, сенімділік көрсету арқылы, қызметкерлердің әл-ауқаты мен жұмыс жасаудың жоғары стандарттары мен жүріс-тұрыс әдеп нормаларына қамқорлық жасау арқылы қызметкерлер арасында құрмет сезімін тудыруы және сақтауы тиіс;
  • жетік ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларын көрсетуі, бюджеттік әдістерді жақсы түсінуі және талдауы, жоспарлау дағдыларын, қызметкерлерді басқару және қадағалау дағдыларын және уақытты басқару дағдыларын көрсетуі тиіс;
  • бұқаралық ақпарат құралдарымен немесе жеке кездесулер арқылы қоғаммен қарым-қатынасты сенімді және шабыттандырушы стильде құруы тиіс;
  • тиімді және көрнекті мониторинг және бағалау құралдарын қолдану бойынша білімі мен тәжірибесі болуы тиіс;
  • коммерциялық емес ұйымдардың қызмет жүргізуінің құқықтық негіздері жайында білімі мен тәжірибесі болуы керек, және күрделі, ережелерге негізделген жүйелерді енгізе алуы тиіс;
  • кеңселік бағдарламалық жасақтамаларды жетік меңгеріп (электрондық пошта, электронды кестелер және мәтіндерді өңдеу), сондай-ақ ұйымның ішінде пайдаланылатын басқа да бағдарламалық жасақтамаларын үйреніп, түсіне алуы тиіс;
  • жұмыстың маңызды бөлігі ретінде көп саяхат жасай алумен қатар, қажет кезде өз міндеттерін алыстан басқара алуы тиіс;
  • орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс; қазақ тілін меңгеруі қосымша артықшылық болып табылады.

Сұранымдар түйіндеме және ілеспе хат түрінде қабылданады.  Назар аударыңыздар: Ағылшын тілінде толтырылған сұранымдар ғана қарастырылатын болады. Толық ақпарат алу үшін келесі сілтеме арқылы өтулеріңізді сұраймыз: https://osfglobal.wd5.myworkdayjobs.com/en-US/OSF/job/Almaty/Executive-Director–Soros-Foundation–Kazakhstan_JR-0001213

Біздің күшіміз бен құдіретіміз ашық қоғам қорларында жұмыс істейтін біздің әріптестеріміздің алуан түрлілігінде жатыр. Біз әртүрлі мәдениеттерден, ортадан шыққан, әр алуан тәжірибесі бар адамдардан өтініштер қабылдаймыз, және мүгедектігі бар әріптестеріміз жұмыстың негізгі функцияларын орындай алатындай жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз.