Ашық экономика
«АШЫҚ ЭКОНОМИКА» БАСТАМАСЫ
Бастама миссиясы адам құқықтарын мойындау мен құрметтеуді көрсететін инклюзивтік экономикалық реформаларды қолдау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін Бастама келесі мәселелерге бағытталған жобаларды қолдайды:
- Қазақстанда экономикалық саясат бойынша ұсыныстарды дайындау және ашық талқылау;
- Экономикалық реформаның ең келелі мәселелері бойынша қоғамдық талқылауларды қалыптастыру;
- Экономика саласындағы сарапшылар, сараптамалық орталықтар мен мемлекеттік құрылымдар арасында ынтымақтастықты кеңейту;
- ЭЫДҰ және өзге халықаралық ұйымдардың Қазақстанның аса дамыған 30 елдің қатарына енуіне көмектесетін ұсыныстарын алға жылжыту.
Толық ақпарат алу үшін бастама үйлестірушісі Касымхан Каппаровқа хабарласуыңызды сұраймыз: kkapparov@soros.kz және/немесе openeconomy@soros.kz