Ашықтық және есептілік

Бағдарлама мақсаты – мемлекеттік қаржыны басқару процесінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету.

Осы мақсатта СҚҚ 2017-2020 жж. келесі басымдылықтар бойынша қолдау көрсетеді:

  • Азаматтық қоғам өкілдері қатарынан ашықтық пен есептілік саласында сарапшылар мен белсенділердің жаңа буынын дайындау;
  • Тиімді басқару саласында Қазақстанның ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестігіне бағытталған ұсыныстарды дайындау;
  • Мемлекеттік сатып алу саласының ашықтығын арттыруға атсалысу;
  • Жергілікті деңгейде бюджеттік процесске азаматтардың қатысуын қолдау.

Байланыс ақпараты:

Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін бағдарлама үйлестірушісі Асқар Көшкінбаевқа хабарласыңыз: tap@soros.kz

Сорос-Қазақстан Қорының байқаулары туралы хабарландыруларға жазылу үшін ac@soros.kz мекенжайына хат жолдап, ұйымның атауын, байланыс тұлғасы мен электрондық поштаны көрсетіңіз.