Білім беру бастамасы

2019 жылдан бастап Сорос-Қазақстан қоры жаңа «Білім беру» бастамасы аясында жұмыс істей бастайды.

Бастама қызметі келесі бағыттарды қамтитын болады:

  1. ҚР жалпы білім беру мектептерінде ұстаздардың бейресми көшбасшылығы (Non-positional Teacher Leadership) тұжырымдамасын (HertsCam, Cambridge, UK әлеуметтік желісімен бірлестікте) жылжыту
  2. Шағын қалалар мен ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің қажеттілігіне негізделген инновациялық білім беру жобаларын қолдау
  3. Білім беру саясаты мен тәжірибесін тиімді арттыруға әсер ететін тәжірибеге негізделген ұсыныстарды дайындау мақсатында «үлкен мәліметтермен» (big data) жұмыс істеуде қазақстандық сарапшылардың әлеуетін арттыру

Байланыс ақпараты:

Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін бастама үйлестірушісі Айнұр Шакеноваға хабарласыңыз: ashakenova@soros.kz

Сорос-Қазақстан Қорының байқаулары туралы хабарландыруларға жазылу үшін ac@soros.kz мекенжайына хат жолдап, ұйымның атауын, байланыс тұлғасы мен электрондық поштаны көрсетіңіз.

Назар аударыңыздар! Қор бастамалары қор бағдарламаларынан нақты бекітілген қызмет жоспарының болуымен ерекшеленеді. Сондықтан қор алдын ала бастама директоры не үйлестірушісімен келісілмеген сұранымдарды қабылдамайды.