Ақпараттық бағдарлама

2019 жылы қордың «БАҚ-ты қолдау» бағдарламасы Ақпараттық бағдарламасына өзгерді. Бұл ретте бағдарлама өз назарын адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес ақпараттық кеңістікте қазақстандықтардың құқы мен еркіндігі мәселесіне жұмылдырады.

Бағдарлама бағыттары:

  1. Жалған ақпаратқа қарсы тұру, медиасауаттылық және ақпараттық тазалыққа бағытталған жобалар арқылы сыни ойлау машығын дамыту
  2. Ақпараттық кеңістікте қазақстандықтардың құқықтары мен еркіндіктерін жылжыту. Әсіресе, жеке өмірге қол сұқпау құқығы мәселесінде
  3. Ақпаратқа қолжетімділік құқығы

Байланыс ақпараты:

Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін бағдарлама үйлестірушісі Алия Шарипбаеваға хабарласыңыз: asharipbayeva@soros.kz 

Сорос-Қазақстан Қорының байқаулары туралы хабарландыруларға жазылу үшін ac@soros.kz мекенжайына хат жолдап, ұйымның атауын, байланыс тұлғасы мен электрондық поштаны көрсетіңіз.