

Сорос-Қазақстан қоры «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасының қызметі аясында Urban Forum Kazakhstan қорымен серіктесте Қазақстандағы Алматыдан өзге қалаларда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған байқауды жариялаған болатын. Байқауға барлығы 100-ден астам сұраным келіп түсті. Байқаудың әділ қазылар алқасы келесі жартылай финалистерді анықтады. Олар:
|
№ |
Сұраным № |
Қала |
Жобаның атауы |
| 1 | 25299 | Риддер | Эталондық эко-туристік маршрут |
| 2 | 25311 | Талғар | Талғар қаласының әлеуметтік-инфрақұрылым картасын дайындау үшін зерттеу өткізу |
| 3 | 25314 | Карағанды | Қала міндеттерін шешу үшін азаматтық қоғамды белсенді тарту арқылы Қарағанды қаласын өзгерту мәселесіне билік, бизнес және азаматтық қоғамды тарту арқылы ынтымақтастық орнатудың тиңмдң үлгісін қалыптастыру |
| 4 | 25324 | Павлодар | Қалалық өзгерістер орталығы |
| 5 | 25325 | Нұр-Сұлтан | Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті жергілікті бюджетінің тиімді орындалуын бағалауға белсенді азаматтар қатарынан сарапшылар тобын құру, жергілікті атқарушы органдардың сайтында «Азаматтық бюджет» айдарын құру аясында көрсеткіштер мен ұсыныстарды дайындау.
|
| 6 | 25330 | Шымкент | Жергілікті қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Метталлургтер саябағының дизайні
|
| 7 | 25348 | Семей | Әр қала үшін абаттандыру тәртібін өзгерту үшін ақпараттық кампания жүргізу және ҮЕҰ-дар бірлестігін қалыптастыру
|
| 8 | 25352 | Нұр-Сұлтан | Fading.TSE: Астана ретроспективасы |
| 9 | 25365 | Нұр-Сұлтан | Нұр-Сұлтан қаласының «Көктал-2» ықшам ауданын әлеуметтік-мәдени өзгерту |
| 10 | 25371 | Есік | Мектептерді жобалауға араласу |
Екінші кезең нәтижесінде жоғарыда көрсетілген жобалар бойыншы ақырғы шешім аталмыш бағдарламаның Сарапшылар комитетімен маусым айының соңында белгілі болады.
Сорос-Қазақстан қоры және Urban Forum Kazakhstan ұйымы байқауға қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреді және болашақ бастамаларына сәттілік тілейді.