30/05/2018
Мұражайлар: жұмыстың жаңа әдіс жолдарын іздеу жолында
15/05/2018
Балалардың денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар ата-аналармен тұру құқығы
31/05/2018

Гүлнар Бажкенова: «Мен өз кітабымда, әдетте, дөңгелек үстелдерде болмайтын адамдарды көрсеткім келді»

18 мамыр күні журналист Гүлнар Баженованың Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен басылып шыққан «Жүрек, жігер және ниет болса…» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі туралы нон-фикшн жанрында жазылған кітап жұмыс істемейтін жүйені ашып көрсетіп қана қоймай, жүйеге қарамастан мүмкін емес дүниелерді жасап жүрген адамдардың жеке мысалдарын әңгімелейді. Бұл адамдар сізбен қатар өмір сүріп жатуы мүмкін; мүмкін сіз оларды жұмысқа бара жатқанда кездестіретін немесе жұмыстан бір автобуста қайтатын шығарсыз. Балалар, ата-аналар, ұстаздар, азаматтық белсенділер – күн сайын көпшілікке білінбейтін әрекеттерімен біздің қоғамымызды жақсы жаққа қарай өзгертуде. Гүлнар Бажкенова өзінің берген сұхбатында бұл кітаптың қалай жазылғаны туралы әңгімелеп берді.

— Бұл кітап өз ерекшеліктеріне байланысты мектепке барып оқи алмаған балалар туралы. Оларды ата-аналары қай балабақшаға, қандай мектепке беретінін және олардың қандай колледжге түсуі керек екенін білмеді.  Себебі біздің елде инклюзивті білім беру жүйесі жолға қойылмаған. Мысалы, Финляндия немесе Швецияда әрбір бала білім алуға құқықты және ол сол білімді алады. Қазақстанда бұл әзірге ата-аналар мен балалардың жеңіп шығуға тырысып жатқан, орындалмайтын миссия болып тұр, – дейді Гүлнар. – Мен кітабымда тек бабалар мен ата-аналар туралы ғана емес, мұғалімдер және осы бабаларға қол ұшын созған басқа да адамдар туралы баяндаймын. Білесіздер ме, біздің елде мұны әзір жасамай-ақ қойса да болар еді, бірақ  олар өздерінің мінездеріне, өз мамандықтарын түсіне білгендіктеріне байланысты балаларға балабақшаға, мектепке, колледжге баруға көмектескен және бұл олардың бұл іске үлкен күш салуын қажет етті. Менің кітабымды басып шығарушы Сорос-Қазақстан Қоры осы жобаны толығымен қаржыландырды. Қазақстанда ең алғашқылардың бірі болып  инклюзияны дамытумен айналысқан Сорос-Қазақстан Қоры екенін бұрын білмеппін. Олар өңірлерге біз «инклюзия» деген сөзді білмей тұрған кезде көмектесе бастаған. Жобаның кураторлары Айнұр Шакенова және Сәуле Аманжоловна Каликова  инклюзияның авангардындағы мұғалімдер туралы айту жөнінде тілек білдірді. Бұл идея көптеген адамдардың жеке мысалы мен өміріне негізделе отырып, кітапқа айналды. Бұл кітапта отбасылар да, мұғалімдер де, ҮЕҰ да, белсенді азаматтар да бар.

— Кітапты жазу кезінде сізді не нәрсе қатты таң қалдырды?

— Мен өңірлерді аралап, бұл адамдармен кездесе бастаған кезде мен барлығына таң қалдым: бір жағынан мен оларға қаншалықты қиын екенін көрсем, екінші жағынан олардың азаматтық және кәсіби жағынан жасап жатқан ерліктеріне бас идім. Менің жүрегіме жылу ұялатып, таң қалдырған нәрсенің бірі – білім алғысы келетін адамдар және балаларын оқытқысы келетін ата-аналар. Басқалардың баласы оқысын дейтін мұғалімдер, белсенді азаматтар тағы бар. Тек бір Атырау облысының өзінде ешбір жерде есепте жоқ, ешбір жерде оқымайтын 60 бала өмір сүреді. Көз алдыңызға мынандай суретті келтіріңіз: Ауылдың көшесінде бір апа келеді, ал оның жанында , мысалы, естімейтін не сөйлемейтін бір балақай еріп жүр.  Бұл үйреншікті жағдайға айналған. Баланы әшейін әжесінің қарауына қалдырады. Өйткені ата – анасы ондай баланың жағдайын жасай алмайды. Тіпті болмаса, мүгедектер үйіне өткізеді.

— Біз өмір тек Алматы мен Астанада ғана өзгереді, ал өңірлерде ештеңе өзгермейді немесе өзгерістер ол жаққа анағұрлым кештетіп барады деген оймен өмір сүретін сияқтымыз.

— Ол расында да солай. Бізде Алматы мен Астана жағдайы жасалған қалалар болып табылады. Алматыда инклюзивті бірінші сыныбы бар әдеттегі мектеп жұмыс істейді. Былтыр осы сынып үшін алғашқы рет соңғы қоңырау мерекесі өткізілді. Барлығы бюджетке байланысты, Алматы мен Астанада бұл өзгерістер  осы қалалардың айнасы іспеттес, «Көріңдер, бұл бізде бар» – деп шетелдіктердің алдына тартады. Бірақ бізде өңірлер де бар емес пе?!

— Сіз бірінші кезекте оқырманға қандай ойларыңызды жеткізгіңіз келді, кітап қандай әсер қалдыруы тиіс?

— Мен әсіре, боямалап айтылған сөздерді айтуды ұнатпаймын. Әрине, кітабым дүниені жақсартуға әсер етсе екен деп едім деп де айтуыма болар еді, бірақ мен бірінші кезекте адамдардың күнделікті тыныс-тіршілігін жеткізгім келді. Бізде инклюзивті білім берумен не болып жатқанын түсінесіз бе? Материалдармен танысқан кезде, адамдар «Қазақстанда осынша мүгедектер тұрады…» деген сияқты сандарды ғана көреді. Менің кітап жазып жатқанымды естіген адамдардың да алғашқы қойған сұрағы осы «қанша?» болды. Адамдар сандарды жақсы көреді.  40 000 – бұл сан сізге не береді? Осы қырық мыңның ішінен бір адамның шынайы өмірін, оның кім екенін біліңіз, оның қалай өмір сүретінімен танысыңыз. Бұл адамдар кім? Менің мақсатым нақты адамның өмірін көрсету болды. «Инклюзивті білім берудің мәселелерін…» емес, олар туралы дөңгелек столдарда жеткілікті айтылады, мен сол дөңгелек столдарда болмайтындар туралы айтқым келді. Осы цифрлық статистиканың артында тұрған Қазалының, Күлсары түбіндегі ауыл балаларының өмірімен қалың көпшілікті таныстырғым келді. Кітап арқылы адамдар осы мәселемен танысып, бірнәрсені түсініп, нәтижесінде бұл балалардың білім алуына көзқарастарын өзгертеді деген үміттемін. Бізде көптеген қалаларда инклюзивті мектептер бар – берілген есептер бойынша олар инклюзивті болып өтеді, ал нақтысында олар ондай емес және ерекше балалар бәрімен бірге емес, бөлек оқиды. Бұл мектептерде жекелеген түзету және әдеттегі сыныптар жұмыс істейді, бірақ оларда, әдетте, атына сай мақсаттарды алдына қоймайды. Бірақ басқа да мысалдар келтіруге болады. Мәселен, Көкшетау мектептерінде түзету сыныптарындағы балаларды жалпы сыныптарға ауыстырады.

— Кітаппен жұмысқа қанша уақыт кетті және сіз осы уақыт ішінде Сіз қанша қалаларға бардыңыз?

— Кітапты жазғаннан тыс мен өзімнің әдеттегі редакторлық жұмысымды атқардым. Бірнеше ай бойы тек кітаппен немесе басқа да бірнәрсемен айналысатындай жағдай менде болмады. Біз келісімге мамыр айының аяғында қол жеткіздік, біз алдымызда емтихандар және жазғы демалыс, мұғалімдердің демалысы күтіп тұрғанын және мектептердің жұмыс істемейтінін біз жақсы білдік. 10 қыркүйек күні өзімнің бірінші жолсапарыма шыққаным есімде жақсы сақталып қалды. Мен Атырау, Күлсары, Астана, Көкшетау, Қызылорда, Қазалы, Түркістан, Орал қалаларында болдым. Көп адамдармен сөйлестім.  Балалар бақшасының өзінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қабылдамаудың себебі неде екенін білесіз бе? Олар жауапкершіліктен, балаға бірнәрсе болады деп қорқады және оларда жағдай жоқ. Әжетхана, кең есіктер, дәрігер сынды қарапайым жағдай болуы тиіс емес пе? Қазақстанның көптеген оқу орындарында бұлар жоқтың қасы.

— Бұл бюрократиялық іліктерден бастап адамдардың дайын еместігіне дейінгі проблемалардың бүтіндей бір кешені. Тіпті инклюзивті мекеме болғанның өзінде, мысалы, оларға бару және жету мүмкіндіктері жоқ. Көпшілігі үйде оқиды.

— Үйде оқыту – қорлау.  Ата-аналар жеке педагогтар мен репетиторларды жалдамаған жағдайда мұғалімдер бұған немқұрайды қарайды.

Жалпы педагогтар білім, оның ішінде инклюзивті сабақтар бойынша білім алуы тиіс. Мұндай дағдыларды абсолютті түрде барлығы игерген болуы керек. Сонымен қатар бұл балаларда ментор болғаны жөн. Астана мен Алматыда менторлар бар, ал өңірлердің бірде-бір қаласында олар жоқ. Өңірлердің басқа қалаларының балалары мұндай қызметті неге пайдалана алмайды? Менің кітабымның кейіпкерлері мұны көз бояушылық үшін жасамайды, олар әлеуметтік желілерде  отырмайды, өздерін жарнамаламайды. Мысалы, кітап кейіпкерінің бірі – Қазалы қаласынан Шынар ерекше қажеттіліктері бар балаларды табу үшін әрбір үйді аралап шықты. Егер ресми мәлімет бойынша қалада 30 мүгедек есепте тұрса, ал ол 367 ерекше баланы тапты! Басым бөлігін  ата-аналары тығып отырған, ерекше баланың отбасында туы ұят нәрсе болып есептелген. Тіпті,  Шынарды шпионсың деп қуып жібергендер де кездесетін.

Қазір ата-аналар да өзгеріп, бұрынғыдай балаларын жасырмайтын шығар?

— Ия, өзгерістер бар. Менің кітабымда мынандай бір қызық жағдай сипатталған – әдетте, ауқатты отбасылар ерекше балаларын көп жасырады. Мүгедектік жоқшылыққа тән нәрсе деген стигма бар. Өз қалаларында олардың отбасында мүгедек баланың бар екенін ешкімнің білмеуі үшін мұндай ата-аналар балаларын басқа қалаларға емдеуге апарады. Мұны ұят деп санайды. Осындай психология.

— Қазақстан анағұрлым инклюзивті болуы үшін, әр адам өз күшімен не істей алады?

– Инфрақұрылымды жақсарту үшін бизнес мысалы, өз ғимараттарында пандустар орнату сынды қарапайым жағдайлар жасай алады. Әркім өз деңгейінде бір нәрселер жасай алады, міне мен кітап жаздым. Қарапайым дүниелер – мүгедектерге арналған әжетхананы, машина тұрақтарын пайдаланбау. Барлығымыз биліктен барлық адамдар үшін жалпы жағдай жасауды талап ете аламыз. Мұның тек мүгедектерге ғана емес, сау адамдарға да керек екенін атап өткім келеді. Менің балам бар және оның арбамен қозғалуы өте  қиын. Бұл жағдай басыма түскенге дейін мен бұл туралы ойланбадым. Қолжетімді қалалық орта барлық адамдар үшін пайдалы. Мұны түсіну өте маңызды.

— Жұмысқа қайта орала келіп, кітапты жазған кезде сізде қандайда бір шектеулер болды ма?  

— Бұл менің баспашымен жұмыс істеген алғашқы тәжірибем. Қазіргі кезде бүкіл әлемде нон-фикшінге тапсырыс беріледі. Біздің жағдайымызда маған кітап жазуға тапсырысты Сорос – Қазақстан Қоры берді. Мен ықтимал түзетулер болатын шығар деп қатты уайымдадым, бірақ бәрі жақсы өтті. Журналистерге кітап жазуға тапсырыс беретін осындай ұйымдардың болуы өте маңызды. Сонда бізде Қазақстанда нон-фикшн жанры дамиды. Өйткені өз бетімен кітап жазып, шығару өте қымбат. Сорос – Қазақстан Қорының мақсаты  – қоғамды өзгерту, адамдарға пайда тигізу және біз оларды кітап арқылы жасай аламыз. Бала кезімізде әрдайым «Кітап – ең жақсы сыйлық»  дейтін еді, ал мен ең үздік жоба –бұл да кітап дер едім.

 

Кітапты мына сілтеме арқылы жүктей аласыз