27/01/2020
Коронавирус Қытайдың экономикалық дамуына кері әсер ете ме?
27/01/2020
Давостағы тұлға өзгерді ме?
30/01/2020

Интернетте өзіңді қорғаудың 7 тәсілі

Заманауи техника мен технологияның қарыштап дамуымен қатар, киберқылмыс көрсеткіші де қарқын алуда. Электронды поштаны бұзу, құпиясөзді ұрлау, дербес мәліметтерге, соның ішінде жеке ақпарат пен банк аккаунтына қол жеткізу – мұның барлығы алаяқтар айласын асырған проблемалардың бірен-сараны ғана. Егер құрылғыңыздың ішінде, я болмаса құжаттарыңыздың мазмұнында маңызды мәлімет бар болса, оны қалай сақтау қажеттігі жөнінде жақсылап ойланыңыз.

  • Қолжетімді wi-fі жүйелерін пайдаланған уақытта абай болыңыз. Алаяқтар мұндай ашық жүйелер арқылы жеке мәліметтеріңізге қол жеткізуі мүмкін. Егер қоғамдық ортада ашық жүйелердің қызметін пайдаланғыңыз келсе, VPN қосыңыз. Жалпы қашанда VPN қосу – жақсы идея
  • Құрылғыңызға орнататын бағдарламалар мен сайттардың интерфейсіне мұқият зейін салыңыз. Мұндай дүниеге салғырт қарайтындардың логині мен құпиясөзін білу үшін алаяқтар көшірме жасаудан тайынбайды. Бұл фишинг деп аталды
  • Сенімді дереккөздің ғана қосымшаларын орнатыңыз. Жаңа қосымша нақты қандай ақпараттарды сұрайтынын тексеріп алыңыз, құрастырушылардың жұмысына күмәнмен қарасаңыз, тәуекелге барудың қажеті жоқ
  • Кейбір қосымшалардан геолокация көрсету қызметін өшіріп тастаңыз. Мәселен, кітап оқитын бағдарламаға бұл қызметтің қажеті қанша? Бір жағынан, телефон қуатын үнемдейсіз
  • Қоғамдық орындардағы камера назарында тұрсаңыз, құпиясөзді термеуге тырысыңыз. Әдетте, алаяқтар мұндай мүмкіндікті мүлт жібермейді
  • Құрылғыңыз бәзбіреудің қолына түскен жағдайда сізге толыққанды шифрлау көмекке келеді. iPhone бұл шаруаны өзі тындырады, Android телефондарында аталмыш қызметті іске қоса аласыз. MacOS және Windows Professional жүйелеріне бұл құрал ендірілген, ал басқа жағдайда VeraCrypt сынды тегін шифрлау бағдарламаларын тұтынуға болады
  • Тазалықты сақтаңыз – іздеу тарихын тазалап, жазған хаттарыңызды өшіруді ұмытаңыз

Тізім Human Constanta ұйымының материалы негізінде дайындалды.