09/11/2017
«Кеңес» орталығы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді
29/09/2017
Жұлдыз Смағұлова Сорос-Қазақстан Қоры Қамқоршылық кеңесінің жаңа төрағасы ретінде бекітілді
28/05/2018

Еңбек ету құқығы: Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 3 миллион адам бар

Астанада 9 қарашада Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «Әлеуметтік әділдік арқылы экономикалық ілгерілеу: адам мүддесіне бағытталған ұстаным» атты алғашқы «Ашық экономика» форумы өтті.

Қатысушылардың қатарында Үкімет мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, АҚШ, Италиядан экономика және қаржы саласындағы зерттеушілер, ЫЭДҰ, USAID және ЕҚҚДБ сарапшылары, Жаңа Зеландия мен Қазақстан экономистері бар.

Жыл сайын өтеді деп жоспарланып отырған форум экономикалық саясаттың өзекті және өткір мәселелері талқыланатын тәуелсіз және жан-жақты алаңға айналады деп күтілуде. Биыл форум қатысушылары қазақстандықтардың еңбек ету құқығы, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жағдайы, Қазақстанда зейнетақы реформасы мен әйелдердің экономикалық құқығы талқыланды.

Сорос-Қазақстан қоры Басқарма төрағасы Антон Артемьевтің пікірінше: «ашық экономика ұғымы» капиталдың, технологиялардың, ақпараттың еркін қозғалысын, сонымен қатар инвестицияларды тарту және әсіресе, орта және шағын бизнес үшін бизнесті жүргізу және дамытуды білдіреді. Осындай инклюзивтік экономикалық үлгі шикізатқа тәуелділіктен арылуға алғышарттар дайындап, біздің еліміздің дамыған әлем елдерінің қатарына қосылуына мүмкіндіктер ашады».

«Бүгін талқыланған мәселелер халықтың басым бөлігіне тиесілі. Бүгінде елімізде өзін өзі жұмыспен қамтыған 3 миллион адам, зейнетақы жүйесінің 6 миллион қатысушысы және 8 миллион әйел бар», – дейді Сорос Қазақстан қорының «Ашық экономика» бастамасының үйлестірушісі Қасымхан Қаппаров.

Қазіргі және болашақ зейнетақы жүйесінің қатысушыларының экономикалық құқын қамтамасыз ету аясында СҚҚ белсенді салым салушылардың www.enpi.kz тақырыптық платформасын құру бойынша бастамасын қолдады. Бұл платформада БЖЗҚ салымшылары БЖЗҚ жұмысының көрсеткіштері, зейнетақы жүйесі алдында қандай мәселелер тұрғандығы, сонымен қатар, Қазақстанда талқыланып жатқан зейнетақы жүйесінің жаңартылған жаңа тұжырымдамасы туралы өзекті ақпарат ала алады. Болашақта аталмыш жоба салымшылардың қолдауы арқасында тәуелсіз платформаға айналады деп сенеміз.

Форум туралы толық ақпарат алу үшін Сорос Қазақстан қорының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Әйнел Қайназароваға +7 701 4402895 телефоны немесе akainazarova@soros.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыздар.