28/05/2018
Еңбек ету құқығы: Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 3 миллион адам бар
09/11/2017

Жұлдыз Смағұлова Сорос-Қазақстан Қоры Қамқоршылық кеңесінің жаңа төрағасы ретінде бекітілді

Жұлдыз Смағұлова  2018 жылғы 1 маусымнан Сорос-Қазақстан Қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ретінде бекітілді.

Жұлдыз Смағұлова  PhD, филология ғылымдарының кандидаты, ҚМЭБИ университетінің тілдер орталығының атқарушы директоры, 20-дан астам халықаралық деңгейде және Қазақстанда жарияланған мақалалар мен жарияланымдардың авторы болып табылады. 2017 жылдан бастап  Сорос-Қазақстан Қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Жұлдыз Смағұлова Сорос-Қазақстан Қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы қызметіне кірісе отырып, осы лауазымда 2011 жылдан бері қызмет еткен  Наргис Касенованы алмастырады.

Осы жылдар ішінде Қамқоршылар кеңесі «Ашық саясат», «Ашық экономика», «Баршаға ашық қоғам», «Жаңа азаматтық бастамалар» сияқты жаңа бағдарламалық бағыттардың пайда болуына себепкер болды.

«Мен үшін және Қордың барлық командасына Наргис Касенованың басшылығында жұмыс істеу үлкен құрмет болды. Наргис біздің Қорымыздың дамуына зор үлес қосты. Мен осы жылдар ішінде оның көрсеткен қолдауына және жүргізген салиқалы басшылығына шын жүректен алғыс білдіремін», – деді Сорос-Қазақстан қорының төрағасы Антон Артемьев. «Мен Жұлдыз Смағұлованы біздің Қордың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтаймын және біздің стратегиямызды жүзеге асыру жолында онымен жұмыс істеу мүмкіндігінің пайда болғанына өте қуаныштымын».

Сорос-Қазақстан Қоры ашықтық, есептілік және әділдік принциптеріне сүйене отырып, ашық демократиялық қоғамның дамуына ықпал ететін Қазақстандағы ең ірі тәуелсіз қорлардың бірі. 1995 жылы Қазақстанда қызметін бастаған уақыттан бастап СҚҚ Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаумен айналысатын қоғамдастықтарды қолдау және нығайтуға, журналистер мен БАҚ-тың кәсіби әлеуетін дамытуға, мемлекеттік қаржының ашықтығы мен есептілігін арттыруға, білім беруді, мәдениет пен өнерді қолдауға және басқа да бастамаларға $80 млн. гранттық қаражат бөлді.

Қазіргі уақытта «Сорос-Қазақстан» қорының қамқоршылар кеңесінің құрамына Жұлдыз Смағұлова, Берік Әбдіғалиұлы, Вячеслав Абрамов, Асия Акишева, Ардақ Букеева, Инара Масанова, Роман Подопригора кіреді.

www.soros.kz