07/04/2013
Азаматтық қоғам институттарының онкологиялық науқастарды емдеудің қол жетімділігі мен сапасын арттыру ісіндегі рөлі туралы
26/09/2012
Шығыс Еуропа мен ОА оральді опиоидтік анальгетиктердің қол жетімділігін арттыру
23/05/2013

Қазақстанда паллиативтік көмектің дамуы

Сорос-Қазақстан қоры 2008 жылдан бері Қазақстанда паллиативтік көмектің дамуына қолдау көрсетіп келеді.

 Осы уақыт ішінде Қор паллиативтік көмек көрсетудің ұлттық стандарттарын дайындауға қолдау көрсетіп, паллиатвитік медицина саласында жұмыс істейтін дәрігерлер мен медбикелердің білімі мен машықтарының деңгейін көтеруге бағытталған жобаларды қаржыландырды. Алайда осы уақытқа дейін көбіміз паллиативтік көмек дегеніміз не, оны не үшін дамыту керек және аурусыз өмір сүруге болады ма, жоқ па білмейміз. Осы және осы сынды өзге де сұрақтарға жауап табуға паллиативтік көмек саласындағы халықаралық сарапшы Мэри Каллавей (Нью-Йорк) жауап беруге тырысады.

Мэри, өкінішке орай, көбіміз паллиативтік көмектің не екендігін біле бермейміз. Осы ұғымның мәнін түсіндіріп беріңізші.

Мэри Каллавей: Паллиативтік көмек ВИЧ/СПИД, құрт ауруы, жүрек ауруы, бүйректік жетіспеушілік сынды өмірге қауіп тудыратын ауруларға тап болған емделушілер мен олардың отбасыларының өмір сапасын азапты аурулардың алдын алу және жеңілдету, ерте анықтау, нақты бағалау және ауруды және онымен қоса жүретін физикалық, психоәлеуметтік және рухани мәселелерді емдеу арқылы жақсартуға мүмкіндік беретін әдіс. Паллиативтік көмек ауруды, мәселен, химиотерапия немесе антиретровирустық дәрі-дәрмектермен емдеу барысында қатар жүргізілуі мүмкін. Барлық медицина қызметкерлерінің паллиативтік көмек туралы негізгі білімі болуы керек, сонымен қатар осы саладағы дәрігер-мамандардың да болуы абзал.

  • Қазақстанда Паллиативтік көмекті дамытудың қажеттілігі бар ма?

МК: Әлем бойынша паллиативтік көмек адам құқықтарының бірі – ауыр ауруларға душар болған адамдардың өмір соңында лайықты күтім мен қамқорлық алуға құқы ретінде қаралады. Кез келген мемлекеттегі медициналық қызметте паллиативтік көмек сынды маңызды аспекті болуы керек. Әрине, Қазақстан да.

Шет елде сәтті нәтижелер көрсеткен паллиативтік көмек көрстеудің тиімді мысалдары бар ма?

МК: Халықаралық стандарттарға сәйкес паллиативтік көмек білікті медицина қызметкерлерімен ауруханаларда, хоспистерде, қарттар үйінде, стационарларда, үй жағдайында көрсетілуі керек. Әрине, Румыния, Польша, Украина, Венгрия, Ұлыбритания сынды елдерде паллиативтік көмек көрсетудің тамаша мысалдары бар. Қазақстан осы елдердің үлгісін алса болады.

  • Қазақстандық менталитетке үй жағдайында паллиативтік көмек көрсету үлгісі тән. Қалай ойлайсыз, осындай кеселге тап болған адамға қайда – үйде немесе хосписте күтім көрсету керек?

Әлемдегі барлық емделушілер үй жағдайында емделуді қалайды, сондықтан оларға осындай мүмкіндік беруге тырысу керек. Алайда емделушілер арнайы күтімді қажет еткенде, немесе оған күтім көрсететін адам немесе туысқаны болмаған жағдайда хоспистер тамаша балама бола алады.

  • Бүгінде Қазақстанда 6 хоспис жұмыс істейді. Негізінде олардың қанша болуы керек және олар қандай талаптарға жауап беруі керек?

МК: Онкологиялық аурулардың 60-80% мен ВИЧ/СПИД аурулардың 50-60%  паллиативтік көмекке зәру. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына сәйкес шағын бір қалада емделушілерге үй жағдайында көмек көрсететін бағытын қосқанда кем дегенде 10-25 орындық бір хоспис болуы керек. Барлық хоспистер мен үй жағдайында күтім көрсетуге бағытталған бағдарламалар дәрігерлерден, медбикелерден, әлеуметтік қызметкерлер мен өзге мамандардан тұратын мультидисциплинарлық топтардан тұруы керек. Паллиативтік көмектің маңызды аспекті болып ауыруды басатын дәрі-дәрмектерге, негізінен дәрі түріндегі морфинге қолжетімділігі мәселесі болып табылады.

  • Бүгінде эвтаназия тақырыбы кең талқылануда. Қазақстанда эвтаназияны заңдастырудың мүмкіндігі бар ма? Бұл қаншалықты қажетті қадам болып табылады?

МК:  Паллиативтік көмек емделушінің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесуге, өмірінің соңына дейін аурудан еркін, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік беруге бағытталған. Егер емделуші паллиативтік көмекпен қамтамасыз етілсе, онда ол ауруды сезбейді, өмірін тоқтату туралы ойламайтын болады. Паллиативтік көмек өлімді емес, өмірді үстем етеді.

Кейде көмек ауруға шалдыққан адамға ғана емес, оның жақындарына да қажет болып жатады…

МК: Дұрыс айтасыз. Паллиативтік көмек қызметінің толыққанды жұмыс істеуі үшін емделуші мен оның отбасына қолдау көрсететін бір топ білікті мамандардың көмегі керек. Кез келген мультидисциплинарлық топ үшін емделуші мен оның отбасымен жұмыс істетйнін білікті психолог пен әлеуметтік қызметкердің болғаны жөн. Емделуші жас бала болған жағдайда, психологиялық және әлеуметтік қолдау оған және оның ата-анасына ерекше маңызды.

Врезка: Бүгінгі таңда Сорос-Қазақстан Қорымен шамамен 10 жоба қолдау тауып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40-қа жуық медбике паллиативтік көмек көрсету және олардың туысқандарын қолдау бойынша оқытудан өтті. 10 отандық сарапшы білімін шет елде жетілдірді.