20/12/2016

2014-2016 жж арналған есеп

15/12/2016

Сорос-Қазақстан қоры EITI бастамасына қосқан үлесі үшін марапатталды

Бүгін Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Инвестициялар және даму Министрлігінде Геология және жерқойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев пен қордың «Жергілікті бюджет» бастамасының үйлестірушісі Асқар Көшкінбаевті ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбектің атынан Өндіруші өнеркәсіптердің ашықтық (EITI) бастамасына қосқан үлесі мен EITI бойынша 35-ші халықаралық отырысты ұйымдастырғаны үшін алғыс хат пен құрмет грамотасымен марапаттады.
05/12/2016

Алматыда зағип жандар үшін дыбыстық шамшырақтарды орнату жұмыстары басталды

Алматы қаласында көру бойынша І және ІІ топ мүгедектігі бар 1700-ден астам адам тұрады. Сорос-Қазақстан қорының (СҚҚ) «Адам құқықтары» бағдарламасының «Құқыққорғаушылардың жаңа буыны» жобасының түлегі Пархат Юсупджановтың зерттеу жұмыстарының деректеріне жүгінсек, зағип адамдардың 92% қаланың инфрақұрылымына қол жеткізу қанағаттанғысыз жағдайда болғандықтан барлық уақытты үйде өткізуді жөн санайды екен.
29/11/2016

2016 жылғы 28 қарашада құқыққорғаушы Макс Боқаев пен азаматтық белсенді Талғат Аянға қатысты шығарылған үкім бойынша Сорос-Қазақстан қорының мәлімдемесі

Сорос-Қазақстан қоры Атырау қаласының №2 соты 28 қарашада құқыққорғаушы Макс Боқаев пен азаматтық белсенді Талғат Аянға қатысты шығарған үкімге қатысты үлкен өкінішін білдіреді.
24/11/2016

Project Syndicate материалдарымен енді қазақ тілінде танысуға болады

Қазақ тілінде шығатын БАҚ-тың ішінде 7kun.kz интернет басылымы Project Syndicateавторларының қандай да бір тақырып аясындағы мақалалары мен пікірлерін Қазақстанда жариялауға эксклюзивтік құқық алған алғашқы басылым болды.