24/11/2016
Астанада білім саласындағы мемлекеттік активтерді басқару мәселелері талқыланды
07/11/2016
Алматыда зағип жандар үшін дыбыстық шамшырақтарды орнату жұмыстары басталды
05/12/2016

Project Syndicate материалдарымен енді қазақ тілінде танысуға болады

Қазақ тілінде шығатын БАҚ-тың ішінде 7kun.kz интернет басылымы Project Syndicateавторларының қандай да бір тақырып аясындағы мақалалары мен пікірлерін Қазақстанда жариялауға эксклюзивтік құқық алған алғашқы басылым болды.

Енді әлем күн тәртібінде тұрған маңызды қоғамдық-саяси материалдар қалың көпшілікке қазақ тілінде қолжетімді болады. Сорос-Қазақстан қорының қолдауы арқасында бірегей контент тегін негізде беріледі. Жарияланған материалдармен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Бұдан бұрын Project Syndicate материалдарын жариялау құқынаVlast.kz, forbes, Exclusive және «Бизнес и власть» басылымдары ие болған болатын.

Project Syndicate (www.project-syndicate.org) – миссиясы маңызды ғаламдық тақырыптар бойынша тың, жоғары сапалы пікірлерді дайындап, жариялау болып табылатын үкіметтік емес ұйым. Project Syndicate авторлары болып белді әлемдік саясаткерлер, ғалымдар, зерттеушілер, қоғам қайраткерлері және әйгілі бизнесмендер табылады. Олардың ішінде 45 Нобель сыйлығының иегерлері және 111 ел басшылары бар. Қор материалдары шамамен әлемнің 150-ден астам елінде 500-ге жуық БАҚ-та жарияланып тұрады.