Бұл басылымда Қазақстандағы тегін (мемлекет тарапынан қаржыландырылатын) заң көмегін ұйымдастыру мен көрсету жөніндегі қолданыстағы заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінің сараптамасы келтірілген, сондай-ақ оның тарауларының бірінде осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибе қарастырылған.
Бұл кітапта ауыл тұрғындарының Қазақстанның қалалары мен облыс орталықтарына ішкі көші-қон процесінің себептері мен салдары көрсетілген; еліміздің ауылдық аймақтары мен Алматының шеткі жағындағы ықшамаудандарды мысалға ала отырып, жалпы миграциялық жағдайға түсінік берілген; ішкі көші-қон процестерін реттеуге мүмкіндік беретін тәжірибелік ұсыныстар ұсынылып, қорытынды жасалған.
Осы талдау шеңберінде кәмелетке толмаған аналар/ата-аналар құқықтарын қорғау жөніндегі заңнаманың толықтығы ғана емес, сонымен бірге осы құбылыстың этно-мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтары қарастырылған.
Сайт жұмысын жақсарту мақсатында біз кукиді қолданамыз.
Мы используем куки для лучшей производительности нашего сайта.
We use cookies to ensure that we give you the best experience on our website. Ok