27/01/2011
Қазақстандық белсенділер Дүниежүзілік хоспистер мен паллиативтік қызметтер күнін атап өтуде
07/10/2011

Жастар Қазақстандағы бейбіт жиналыстар бостандығы туралы пікірін білдірді

 АЛМАТЫ, 2011 жылғы 27 қаңтар– Жиырмадан астам жас адам Сорос-Қазақстан Қорының «Құқықтық реформа» бағдарламасы шеңберінде өткізілген эссе конкурсына қатысып, бейбіт жиналыстар бостандығы туралы өз пікірлерін білдірді. Өз жұмыстарында конкурсанттар тақырыпты түсінгенін көрсетіп, Қазақстанда бейбіт жиналыстар бостандығына деген құқықты бекіту мен іске асыру, сондай-ақ толерантты қоғам қалыптастыру мәселелері бойынша өз ойларын жазды.

Байқауға Қазақстанның 8 қаласынан 14 – 29 жас аралығындағы жастардың 23 шығармасы келіп түсті. Бағдарламаның сараптама комитеті жұмыстарға тақырыпты түсінуі, дәлелдеуі, бірегейлігі және сауаттылығы сияқты өлшемдер бойынша баға бере отырып, қатысушылардың конкурсқа шығармашылық көзқарас танытқанын атап көрсетті.

Конкурстың жеңімпаздары:

· Разиева Диляра, «Заң кімнің пайдасын көздейді?»  (14-18 жас санатында);

· Шукурова Сайдахон, «Қазақстан Республикасында қалыптасқан және халықаралық стандарттарға сай келмейтін бейбіт жиналыстар өткізу тәжірибесі» (19-24 жас санатында);

· Дауранова Наргиза, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар бостандығы бола ма, болмай ма» (19-24 жас санатында);

· Мұхтарова Малика, «Митингілер өткізу құқығы: заң және өмір шындығы» (25-29 жас санатында).

Көтермелеу сыйлықтарын алғандар:

· Даутбаева Валерия, «Біздің өз Гайд-паркіміз болады» (14-18 жас санатында);

· СаттароваАдия, «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар бостандығы қағаз жүзінде ғана бар» (19-24 жас санатында);

·  ЭдлинаЮлия, «Бейбіт жиналыстар туралы заңнаманың реформасы – салиқалы көзқарас» (19-24 жас санатында).

«Құқықтық реформа»бағдарламасының директоры Аида Айдарқұлова жоба туралы былай деп әңгімелейді: «Қор зерттеу жобаларына, сондай-ақ адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жобаларға қолдау көрсетеді. Бұл конкурс жас ұрпақты қоғамның өзекті проблемаларына қатысты өз пікірін еркін білдіруге ынталандыру қажет екенін көрсетті. Байқауға қатысқандардың еңбектері бізге сондай-ақ жастар арасында еркін жиналыстар бостандығы мәселелері бойынша оқып-үйрену мақсатындағы сот процесін өткізу туралы ой салды».

Эссе байқауы 2010 жылғы 25 қазаннан 5 желтоқсанға дейін өтті. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 27 қаңтарда Сорос-Қазақстан Қорының кеңсесінде болып өтті. Жүлдегерлерге сертификаттар, ноутбуктар (бас жүлде) және электрондық кітаптар (ынталандыру сыйлығы) табыс етілді. Конкурстың жалпы жүлде қоры 850 000 теңгені құрады.

Қосымша ақпарат:

Зарифа Тажиева, қоғаммен байланыс жөніндегі директор
Тел.: + 7 727 250 38 11, 250 98 50
Ұялы: + 7 777 244 77 63
E-mail: ac@soros.kz
Web-site: www.soros.kz