Алматыдағы «Болашақ» базарында Тренинг-кафенің ресми ашылу салтанаты өтті. “Training Кафе – Болашақ” әлеуметтік кәсіпорнының мақсаты – қойылған диагнозға қарамастан менталдық денсаулығында бұзушылықтары бар адамдарды ашық еңбек нарығына қайта оралту.
«iMedia Project – 2017» жобасы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Медиа саласындағы кәсіби мамандардан құрылған әділқазылар алқасы байқауға келіп түскен 61 сұранымнан тегін оқыту курсынан өтетін 17 журналистті анықтауға көмектесті. Жоба Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Қазақстан баспасөз клубы жүзеге асырады.
Қалалық хакатон – бұл белгілі бір мәселені шешу үшін құрылған дискуссиялық алаң. Хакатон барысында командаға бөлінген қатысушылар белгілі уақыт ішінде алдына қойылған нақты мәселенің шешімін тауып, жобалар ойластыруы тиіс.
Сорос-Қазақстан қоры «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасы аясында URBAN FORUM ALMATY жобасы серіктестері мен қатысушыларымен бірлестікте былтыр Алматы қаласының шеткі аудандарын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларға байқау жариялаған болатын.
Сайт жұмысын жақсарту мақсатында біз кукиді қолданамыз.
Мы используем куки для лучшей производительности нашего сайта.
We use cookies to ensure that we give you the best experience on our website. Ok