28/05/2018
Алматыда Орталық Азияда гендерлік экономика мәселесі бойынша тұңғыш зерттеу орталығы ашылды
05/05/2018
Пана – адам құқықтарын қорғау және жылжыту бойынша мобильдік қосымша
14/06/2018

Жұлдыз Смағұлова Сорос-Қазақстан Қоры Қамқоршылар кеңесінің жаңа төрайымы ретінде бекітілді

Жұлдыз Смағұлова  2018 жылғы 1 маусымнан Сорос-Қазақстан Қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы ретінде бекітілді.

Жұлдыз Смағұлова  PhD, филология ғылымдарының кандидаты, ҚМЭБИ университетінің тілдер орталығының атқарушы директоры, 20-дан астам халықаралық деңгейде және Қазақстанда жарияланған мақалалар мен жарияланымдардың авторы болып табылады. 2017 жылдан бастап  Сорос-Қазақстан Қоры Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Жұлдыз Смағұлова Сорос-Қазақстан Қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы қызметіне кірісе отырып, осы лауазымда 2011 жылдан бері қызмет еткен  Наргис Касенованы алмастырады.

Осы жылдар ішінде Қамқоршылар кеңесі «Ашық саясат», «Ашық экономика», «Баршаға ашық қоғам», «Жаңа азаматтық бастамалар» сияқты жаңа бағдарламалық бағыттардың пайда болуына себепкер болды.

«Мен үшін және Қордың барлық командасына Наргис Касенованың басшылығында жұмыс істеу үлкен құрмет болды. Наргис біздің Қорымыздың дамуына зор үлес қосты. Мен осы жылдар ішінде оның көрсеткен қолдауына және жүргізген салиқалы басшылығына шын жүректен алғыс білдіремін», – деді Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрағасы Антон Артемьев. «Мен Жұлдыз Смағұлованы біздің Қордың Қамқоршылар кеңесінің төрайымы лауазымына тағайындалуымен құттықтаймын және біздің стратегиямызды жүзеге асыру жолында онымен жұмыс істеу мүмкіндігінің пайда болғанына өте қуаныштымын».

Сорос-Қазақстан Қоры ашықтық, есептілік және әділдік принциптеріне сүйене отырып, ашық демократиялық қоғамның дамуына ықпал ететін Қазақстандағы ең ірі тәуелсіз қорлардың бірі. 1995 жылы Қазақстанда қызметін бастаған уақыттан бастап СҚҚ Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаумен айналысатын қоғамдастықтарды қолдау және нығайтуға, журналистер мен БАҚ-тың кәсіби әлеуетін дамытуға, мемлекеттік қаржының ашықтығы мен есептілігін арттыруға, білім беруді, мәдениет пен өнерді қолдауға және басқа да бастамаларға $80 млн. гранттық қаражат бөлді.

Қазіргі уақытта «Сорос-Қазақстан» қорының қамқоршылар кеңесінің құрамына Жұлдыз Смағұлова, Берік Әбдіғалиұлы, Вячеслав Абрамов, Асия Акишева, Ардақ Букеева, Инара Масанова, Роман Подопригора кіреді.

www.soros.kz