04/06/2015
Қарым-қатынас көпірін орнату: Данияда ПКЕҚ конгресі өтті
28/05/2015
Мерейтой құтты болсын!
11/08/2015

Алматыға жұмыс сапармен Ашық Қоғам қорларының президенті Крис Стоун келіп кетті

Алматыға жұмыс сапарымен Ашық Қоғам қорларының президенті Крис Стоун, Еурази аумағы жөніндегі аймақтық директор Леонард Бенардо және OSF (Open Society Foundation) Президенттік стипендиясының стипендиаты Кейтлин Хоппинг келіп кетті.

Екі күндік сапары барысында олар Сорос-Қазақстан қорының Қамқоршылар кеңесі мүшелерімен және қызметкерлерімен, сонымен қатар қор серіктестерімен кездесу өткізді.

Кездесулер барысында адам құқықтарын қорғау, азаматтық қоғамның дамуы, менталдық бұзушылықтары бар адамдардың құқықтарын қолдау және қорғау, журналистердің, сарапшылардың және құқыққорғаушылардың кәсіби біліктілігін арттыру салаларындағы қор жұмысы талқыланды.

Крис Стоун Қордың Қамқоршылар кеңесін және ұжымын биыл тойланатын Сорос-Қазақстан қорының  қызметінің 20 жылдығымен құттықтап, Қазақстанда ашық қоғамды дамыту ісінде табыс тіледі.