18/11/2013
Қазақстанда 2015 жылдан бастап аналогтық хабар тарату тоқтатылады
29/10/2013
Қазақстандағы жасөспірімдердің азаматтық білім деңгейі
28/01/2014

Кино – шындық айнасы: Оңтүстік Қазақстан облысында Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінің көрсетілімі өтуде

Шымкент, Түркістан, 18-19 қараша 2013 ж. – «Шапағат – Орта Азия» қоғамдық қоры Сорос-Казахстан Қорының қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының жетекші жоғары оқу орындарында Ермек Тұрсыновтың кейіпкерлермен сыр-сұхбатқа құрылған «Шал» кинофильмінің көрсетілімін өткізуде.

Жоба мақсаты – қазіргі отандық киноөндірістегі үздік шығармалардың бірі негізінде қазақ қоғамын толғандырып отырған толғақты мәселелерді талқылауға студент жастарды да тарту.

«Кино, шын мәнінде, шындықты сол қалпында көрсететін шарайна іспетті, – дейді фильмінің қоюшы режиссері Ермек Тұрсынов. – Өкінішке орай, қазіргі қоғамда адамның рухани дамуына, өзара қарым-қатынасына қатысты түрлі қайшылықтар кезігуде. Бұл жайында біз қазір айтпасақ, ертең тым кеш қалуымыз мүмкін».

«Шал» – терең философиялық мәні бар мықты туында, қазіргі қазақ кинематографиясының үздік шығармаларының бірі, – дейді Сорос-Қазақстан Қоры басқармасының төрағасы Антон Артемьев. – Азматтық қоғам құру үшін бізге жастарды фильмде қозғалып отырған дәстүр мен жаңашылдық, руханият пен кісілік, селсоқтық пен ізгілік сияқты мәселелерді талқылауға араластыру маңызды болмақ».

Кездесулерге фильмнің режиссері Ермек Тұрсынов, басты рөлді сомдаған кейіпкер Ерболат Тоғұзақов, саясаттанушы Айдос Сарым және журналист Серік Сарыбаев қатысады.

«Шал» фильмі прокатқа 2012 жылдың қазан айында шыққан, оны көрермен мен киносыншылар жылы қабылдады. Сол жылдың қараша айында картина «Жыл таңдауы» бәйгесінде «Жылфильмі» номинациясымен марапатталды. Ал 2013 жылдың қыркүйек айында фильм «КиноШок-2013» ашық фестивалінде Гран-при сыйлығына ие болды. «Шал» сондай-ақ «Шет тіліндегі үздік фильм» категориясы бойынша американдық «Оскар» киноакадемиясының сыйлығына ұсынылды.

Журналистер мен БАҚ өкілдерінің қаперіне:

Қосымша ақпарат алу үшін Сорос-Қазақстан Қорының бұқарамен байланыс жұмыстары бойынша үйлестірушісі Айнел Қайназаровамен хабарласуды сұраймыз:Тел.: +7 (727) 258 13 54, Ұялы байланыс: 8 777 244 77 63, E-mail: akainazarova@soros.kz

Сорос-Қазақстан Қоры туралы – 1995 жылы «Ашық қоғам» институтымен құрылған үкіметтік емес қайырымдылық қоры. Үкіметтік емес ұйымдардың, билік органдарының және бизнестің арасындағы әріптестікті дамыту жолымен төзімді, белсенді қоғамға және жауапкершілігі мол, ашық үкіметке жету саласындағы қызметке қолдау көрсетеді.

Толық ақпаратты www.soros.kz  сайтынан алуға болады