21/02/2022
Қазақстанның көп балалы отбасылары: экономикалық жағдайы, мүмкіндіктері және оларды үкіметтің күн тәртібіне енгізу
16/11/2021

«Бюджет мол – мәселе сол» карикатулар жинағы

Бұл жинаққа «Бюджет мол – мәселе сол» атты республикалық карикатурашылар байқауының таңдаулы туындылары топтастырылды.

Қоғамдағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқату үшін жыл сайын мемлекеттік бюджеттен қыруар қаражат бөлінеді. Әйтсе де өзекті әлеуметтік проблемалар шешімін табар емес: бюджетті игеру, жоспарлау және т.б. жайттар реттелмей отыр. Еліміздің әр түкпіріндегі кәсіби және әуесқой карикатурашылар осы тақырып аясындағы, республика көлеміндегі немесе жергілікті өңірлердегі маңызды мәселелерді карикатура тілімен сөйлетіп көрді.Қылқалам шеберлерінің бүгінгі қоғамның көрінісін боямасыз дәл бейнелеген 50-ге жуық туындысы осы суретті альбомға еніп отыр.

Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрініс тапқан, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.

Жинақ көпшілік оқырманға арналған. Толық нұсқасын мына сілтемеден таба аласыздар.