17/05/2019
Қазақстандағы дербес мәліметтерді қорғау мәселесі: заң қауқарсыз, неге? GDPR-ға бір қадам
04/06/2019

“DigitalRights@KZ: Адам құқығы және цифрлы трансформация” конференциясының бағдарламасы

Сіздерді 2019 жылғы 21 мамырда Алматыда Интерконтиненталь (Абылай залы) қонақүйінде өтетін «DigitalRights@KZ: адам құқығы және цифрлы трансформация»  конференциясына шақырамыз. Аталмыш шараны Human Constanta беларус құқыққорғау ұйымымен серіктесе отырып, Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы ұйымдастырады.

Конференцияда жеке өмірге қол сұқпау құқығы, дербес мәліметтерді қорғау, пікір бостандығы және ғаламторды еркін қолдану құқығы сынды тақырыптар талқыланатын болады. Сонымен қатар, Қазақстанның цифрлі кезеңінде адам құқықтары тақырыбы аясындағы кедергілерді сараптайтын «Цифрлы еркіндік кеңістігі» құжатының алғашқы нұсқасының  тұсаукесері өтеді.

Конференция жұмысында мемлекеттік құрылым өкілдері, ғаламтордағы адам құқықтары мен еркіндік саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылар қатысады.

Конференция бағдарламасын мына сілтеме арқылы жүктей аласыздар.