06/11/2014
Алматыда белсенді жастар қоғамдық бастамаларды, бизнесті, интернет және өнерді тақылау үшін бас қосады
25/10/2014
«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасына қоғамдық мониторинг жасаудың нәтижелері таныстырылды. 9 миллион теңге жұмсалды: нәтиже бар ма?
03/12/2014

Жергілікті мемлекеттік басқарудан өзін-өзі басқаруға дейін: азаматтардың қатысуын арттыру

Астана, 2014 жылғы қараша – Сорос-Қазақстан қоры ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Астанадағы ЕҚЫҰ орталығымен ынтымақтастықта «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту әлеуеттері» атты халықаралық конференция өткізеді.

Конференция мақсаты – ауыл тұрғындарын өз ауылын басқару ісіне тиімдірек тарту, ауыл әкімдеріне құқықтық және экономикалық өкілеттікті беру негіздері мен бюджеттік орталықсыздандыру  мәселелерін талқылау. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткен пилотты жобаның нәтижелері көрсетілетін болады.

2013 жылғы тамызда ҚР Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың алғашқы кезеңі аясында аудандық мәні бар қалаларда, ауылдық аймақтарда, ауылдарда әкімдердің алғашқы сайлауы өтті. Барлығы 2457 әкім сайланды.

2015 жылдан бастап Тұжырымдаманың екінші кезеңі аясында жергілікті мәні бар мәселелерді шешуде, жергілікті қауымдастықтың жиналыстары мен жиындарында тұрғындардың рөлін арттырып, жергілікті мәні бар мәселелерді шешуде қаржылық және экономикалық тәуелсіздікті кеңейтуде басқарудың ауылдық деңгейін  арттыру көзделген.

«Қазақстанның ауылдық аймақтарында халықтың жартысынан астамы тұрады, бұл – шамамен 7,7 миллион адам. Әлбетте, бұл айтарлықтай көрсеткіш, сондықтан Үкімет алдында тұрғындарды жергілікті басқару мәселесіне тарту бойынша үлкен міндет тұр. Қор осы процесті одан әрі алға жылжытуға және жобалардың әрекет ететін географиясын кеңейтіп, тәжірибені Қазақстанның өзге аймақтарына таратуға мүдделі» – дейді Асқар Көшкінбаев, Сорос-Казақстан қорының Жергілікті бюджет бастамасының үйлестірушісі.

«Біздің ауылдық округте ұйымдастырылған жергілікті қауымдастықтың алғашқы жиыны ауылдастардың бұл мәселеге қызығушылығын, қабылданған шешім үшін жауапкершілікті көтеруге дайын екенін көрсетті», – деп атап өтті ОҚО, Түлкібас ауданының Састөбе ауылдық округының әкімі Рахымжан Жаманқұлов.

Конференция жұмысына тиісті министрліктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және еліміздің барлық облыстарының ауылдық әкімдері қатысады. Конференция аясында Қор қолдауымен жарияланған жергілікті тұрғындармен жұмыс істеу бойынша ауыл әкімдері үшін дайындалған бірқатар басшылық пен құралдар таратылатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Жергілікті бюджет» бастамасының үйлестірушісі Асқар Көшкінбаевқа хабарласыңыздар:ұялы тел: +7 777 230 2284, lbi@soros.kz 

Сорос-Қазақстан қорының «Жергілікті бюджет» бастамасының мақсаты бюджеттің ашықтығы мен есептілігі бойынша үздік тәжірибелерді дайындау, сонымен қатар азаматтарды жергілікті деңгейдегі бюджеттік процеске тарту болып табылады. 2014 жылы Бастаманың қолдауы бойынша пилоттық жобалар Ақмола (Капитоновка және Бурабай ауылдық аймақтарында) және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында (Бадам, Жаңа Иқан және Састөбе ауылдық аймақтарында) жүзеге асырылды.