14/12/2012
Анна Александрованы еске алу күні
13/12/2012
Байқаудан тыс өтінімдердің жаңа үлгілері
14/12/2012

Негізгі көзден: АҚмЗСҚХБ-ның В. Челахқа кәсіби заңды көмек көрсету гранты туралы

Соңғы уақытта БАҚ-ры Сорос-Қазақстан Қоры (СҚҚ) қолдау көрсеткен қатардағы Владислав Челахқа кәсіби заңды көмек көрсетуге бағытталған Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның (АҚмЗСҚХБ) жобасына қатысты мәселені қызу талқылай бастады. Осы орайда, қалыптасқан жағдайдың анық-қанығын анықтап, осы мәселе бойынша шынайы ақпаратты алуға Сорос-Қазақстан Қорының Басқарма төрағасы Антон Артемьев көмектеседі.

– Антон, осы жоба туралы айтып кетіңізші, СҚҚ неге оған қолдау көрсетуге шешім қабылдады?

– Сорос-Қазақстан Қорының қызметі ашықтық, есеп берушілік, әділдік, адам бостандығы мен заңның үстемдік құруы сынды әмбебап құндылықтарға негізделеді. Сот әділділігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету Сорос-Қазақстан Қорының әлеуетті бағыттарының бірі болып табылады. Кім туралы айтылып жатқанына қарамастан әр адамға әділдік пен заңдылықтың кепілі қамтамасыз етілуі керек. Осы ретте, сот процесінің әділдігі маңызды қағида болып табылатын кінәсіздіктің анық-қанығына жету қағидасынсыз мүмкін емес. Дәл осы қағидаларға негізделе отырып, Сорос-Қазақстан Қоры әріптесіміз – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөнiндегi Қазақстан халықаралық бюросының бастамасын қолдауға ниет білдірді.

– Грант туралы айтып беріңізші. Оның мақсаты қандай, жоба неге бағытталған?

– «Арқанкергендегі» трагедия қоғамымызды дүр сілкіндірді, сондықтанда сот нәтижесі бойынша орын алған процестің және қабылданған шешімнің әділдігіне ешкімнің күмәні болмауы маңызды. Грант мақсаты – қатардағы Владислав Челахқа кәсіби заңды көмек көрсету арқылы әділ сотқа қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектесу. Осы мақсаттарды негізгі ала отырып, Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросы істі жүргізуге келісім берген Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының мүшесі Серік Сәрсенов мырзамен келісімшартқа отырды. Грант аясында адвокаттың, сонымен қатар БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы үшін материалдарды дайындайтын заңгерге қаламақы төленеді және жол шығындары өтеледі.

– Осы орайда, аталмыш іс бойынша Сіз басқарып отырған СҚҚ-ның ұстанып отырған ұстанымын білсек болады ма?

– Сорос-Қазақстан Қоры қызметкерлерінің Владислав Челахтың кінәлігі не кінәсіздігі туралы қандай да бір жеке ұстанымы жоқ. Біз әр адамның заң алдындағы теңдігіне сенеміз.

– Қор осы жоба аясында сот талқылауларының өзге кезеңдеріне қолдау көрсетуді жалғастырады ма?

– Бюро Қорға осы жобаға одан ары қолдау көрсетуге өтініш білдірді. Қазіргі уақытта олардан келіп түскен сұраным қарастырылу үстінде. Қабылданған шешім, әдеттегідей, Қордың www.soros.kz сайтында жарияланатын болады.