21/05/2019
Анна Александрова атындағы байқау нәтижесі
20/05/2019
Қоғамдық саясат саласындағы жас зерттеушілерге арналған байқаудың нәтижелері – 2019
24/05/2019

Алматыда Интернеттегі бостандық пен адам құқығы талқыланды

Сорос-Қазақстан қорының Ақпараттық бағдарламасы Human Constanta беларус құқыққорғау ұйымымен серіктесе отырып, «DigitalRights@KZ: адам құқығы және цифрлы трансформация» конференциясын өткізді.  

DigitalRights@KZ конференциясының мақсаты – құқыққорғаушыларды, сарапшыларды, зерттеушілерді, экономистерді, журналистерді, ІТ-мамандарды және онлайн құқық пен бостандық тақырыбына қызығушылық танытатын барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, Қазақстанның цифрлы даму мәнмәтінінде адам құқықтарын алғаш рет талқылау. Конференцияда жеке өмірге қол сұқпау құқығы, дербес мәліметтерді қорғау, пікір бостандығы және ғаламторды еркін қолдану құқығы сынды тақырыптар талқыланды.  

«Біздің мақсат, жалпы азаматтық қоғам алдында тұрған мақсат жаңа жағдайлар мен қарқынды дамып жатқан цифрлы ортаны ескере отырып, адам құқықтарын қайтадан қалыптастыру және түсіндіру. Өшпенділік тілін ой еркіндігі тілінен, жеке өмірге қолсұқпау құқын салық декларасының ашықтығынан қалай ажыратуға болады Бізге мемлекеттің араласуын және азаматтардың іргелі құқықтарының сақталуын талап ететін қауіпсіздік мәселелері арасындағы көзге көрінбейтін шекті, сол бір балансты табу керек. Және бұл туындаған сұрақтарға бірлесе жауап табу үшін азаматтық қоғам, мемлекет пен бизнес арасындағы көпжақты диалог орнатуымыз тиіс», – деді Аида Айдарқұлова, Сорос-Қазақстан қорының басқарма төрайымы.   

«Сөз бостандығы, ақпарат алмасу еркіндігі бар дейтін болсақ, ол офлайнда да, онлайнда да сақталуы аса маңызды. Мәлімет алмасу еркіндігі, ақпаратқа қолжетімдік – құқыққорғаудың негізі дегенді басшылыққа алатын халықаралық стандарттарға назар салуымыз қажет. Ал бұл құқығымызды шектеу және ондай шектеулердің тиімді жұмыс жасауы – бөлек әңгіме. Офлайндағы сөз бостандығының жайы қалай? Газеттің тиражын тартып алады, тіпті, сол басылымды жауып тастайды, қолдан келетін шара жоқ. Ал онлайндағы жағдай қандай? Белгілі бір сайттың жұмысына бөгет қойылды делік, ол редакция VPN орнатып алып, шаруасын атқара береді. Бұл кеңістікке бұрыңғы «бас кесерлік» тәсілдер тиімсіз. Қомақты қаражат жұмсап, белгілі бір аймақ көлемінде жұмыс істейтін «қытай ғаламторын» орнатуға болады, бірақ, не үшін? Оның орнына, қоғаммен дұрыс диалог құрып, өзін-өзі басқару тетігін реттеу – әлдеқайда тиімді әрі нәтижелі болар еді», – дейді Алексей Козлюк, Human Constanta ҮЕҰның құқыққорғаушысы. 

Сонымен қатарҚазақстанның цифрлі кезеңінде адам құқықтары тақырыбы аясындағы кедергілерді сараптайтын «Цифрлы ботсандық көрінісі» құжатының алғашқы нұсқасының тұсаукесері өтеді. Бұл еліміздегі цифрлы кезеңде адам құқықтары тақырыбы алдында туындаған келелі мәселелерді сараптайтын негізгі құжат.  Оның негізі 2019 жылдың сәуір айында Алматы қаласында Сорос-Қазақстан Қорының Human Constanta адам құқықтарын қорғау ұйымының әдісі бойынша өткізген үш күндік семинар аясында қаланды.