29/04/2013
Азаматтардың ақпарат еркіндігіне құқы заңмен қамтамасыз етілуі керек
27/02/2013
Паллиативтік көмек бойынша алғашқы ақпараттық портал іске қосылды
28/06/2013

Алматыда қысқаметражды әлеуметтік киноның көрсетілімі өтеді

Сәуірдің 29-да сағат 19.00-де «Цезарь»кинотеатрында Сорос-Қазақстан қорының қолдау көрсетуімен «Құрылысшылар» қысқаметражды әлеуметтік картинасы мен «5000 теңге»анимациялық фильмінің көрсетілімі өтеді.

Фильмдер Сорос-Қазақстан қорының «Жастар бастамасы» бағдарламасының жастар арасында қысқаметражды (ойындық, деректі, анимациялық) кино байқауының шеңберінде түсірілген болатын. Байқаудың мақсаты кәсіпқой, сондай-ақ әуесқой кино түсіруші жастарға әлеуметтік мәселелерге деген өз көзқарасын білдіруге көмек көрсету және кейінгі ұрпақтың соларды шешудегі атқаратын рөлін айқындау болатын.

«Байқау шеңберінде жуықтап алғанда 70 сценарий келіп түстісоның арасынан бағдарламаның Сараптамалық Комитеті екеуін таңдап алды олар – «Құрылысшылар» және«5000 теңге». Байқаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін бірнеше ай бойы сценарий авторлары өзінің шығармашылық жоспарларын жүзеге асырумен болдыӘр картинаның бюджеті 10 000 АҚШ долларынан аспайтын соманы құрады»,- дейді Сорос-Қазақстан қорының «Жастар бастамасы» бағдарламасының үйлестірушісі Сәуле Мейірманова. «Нәтижесі жоғары көркемдік орындалуымен ғана емес, сонымен қатар мазмұнды мағынасымен, авторлардың қолданған стандарттан тыс тәсілімен қуантады».

“5000 теңге” анимациялық аңызы ақша оны пара ретінде пайдаланған кезде нені “сезінеді” деген сауалға жауап беруге тырысадыСюжеттің барысында көрерменнің көз алдында бес мыңдық қағаз ақшаның тұтастай өмірі бейнеленедіСапар алдында ол әдемі күйінде әрі шытырлап тұрады, алайда оның иелері бір-бірін ақша санау машинасындағы шытырлау жылдамдығымен алмастырып отырадыЖәне оның әрқайсысы қағаз ақшаның тағдырына өз таңбасын салып кетеді » – дейді автор Глеб Пономарев.

Серік Әбішевбылай дейді: «Құрылысшылар» фильмі аумалы кезеңдегі отбасының өмірі жайлы әңгімелейдіБір отбасының тағдыры арқылы біз өзінде мәдениеті әртүрлі болып келетін адамдар бірге тұруды жоспарлап отырған үй салу әрекетінде бірігіп отырған ғаламдану жағдайын көрсеткіміз келді.».

Ағымдағы жылы Сорос-Қазақстан қорының «Жастар бастамасы» бағдарламасы осыған ұқсас байқау өткізген болатын. Биылғы жылы байқауға қазақ тіліндегі сценарийлер қатысуда. Жалпы алғанда байқауға 40 өтінім келіп түсті, байқаудың нәтижесі мамыр айында жарияланатын болады.

Сорос-Қазақстан (СҚҚ) – үкіметтік емес ұйымдардың, билік және бизнес органдарының арасында серіктестікті дамыту арқылы шыдамды, белсенді қоғамға және жауапты, ашық үкіметке ілгері жылжу саласындағы қызметті жүзеге асырып отырған үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы.

Тілшілер мен БАҚ-тардың назарына:

Қосымша ақпарат алу үшін СҚҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі үйлестірушісі Әйнел Қайназароваға хабарласуыңызды сұраймыз: Тел.: +7 (727) 258 13 54, Ұялы: 8 777 244 77 63, E-mail: akainazarova@soros.kz