07/06/2017
Алматыда биыл алғаш рет URBAN FORUM Almaty тобының дөңгелек үстелі өтеді
25/05/2017
«Алматы бюджеті: ақпараттың ашықтығы мен қол жетімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
23/06/2017

Алматыда «Аялауды үйренеміз, сақтауды үйренеміз» жобасының тұсаукесері өтеді

5 маусымда  Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтілді. Биыл ол адамның табиғатқа жақын болуы тақырыбына арналды.  Мектеп оқушыларына арналған«Аялауды үйренеміз, сақтауды үйренеміз» экологиялық жобасы дәл осы мақсатты көздейді. Бұл жобаның тұсаукесері 8 маусымда сағ. 18.00-де Алматы қаласындағы  Aurora Space алаңында өтеді.

«Тауасар фонд» ҚҚ «Тауда кездесейік» 35-минуттық бейне фильмін көруден және тау баурайына саяхат жасаудан тұратын  құрамдас экологиялық сабақты ұсынады. Экологиялық сабақтың қорытынды кезеңінде мектеп оқушыларына «Аялауды үйренеміз, сақтауды үйренеміз» жобасының қатысушысы куәлігі табыс етіледі.

Бейне фильм авторлары   – А. Джандосова (экологиялық және әлеуметтік жобалар белсендісі),  Т.Нусимбеков (журналист), Катерина Суворова (документалист). Фильмге түрлі мамандық иелері қатысты, олардың қатарында: экологтар Дагмар Щрайбер, Вадим Ни, Әсия Тулесова, альпинист Мағжан Сағынбаев, музыкант Нұргүл Нүсіпжанова, зоология институтының қызметкерлері, Жас туристтер станциясының инструкторы бар. Фильмде балалар және басқа да тұлғалар тауға саяхат жасау және табиғатты қорғау туралы өздерінің қызықты ойларын ортаға салып, бөліседі. Бұл фильмді мектептерде сабақ барысында қарап, кейіннен талқылауға салу, осылайша кері байланыс орнату ұсынылады.

Көрнекті фотографтар және өлке танушылар Синявский Александр, Назаров Алоис, Ударцева Елена Іле Алатауы табиғи ұлттық паркін және Көкжайлау тау маршрутының керемет көріністерін сипаттаған экологиялық туризм жөніндегі көркем брошюраны жарыққа шығарды.

Жобаның маңызды тұсы мектеп оқушыларының Көкжайлау шатқалына, Алматының басқа да тау соқпақтарына жасаған  экскурсия-саяхаттары болып табылады. Бұл саяхаттарды өткізу үшін жоба серіктесі ретінде Алматының Жас туристер станциясы шақырылды. 2016 жылдың күзінде қаладан шалғай жатқан аудандардан келген мыңнан астам бала Көкжайлауға саяхатқа шықты.

«Тауасар фонд»  ҚҚ директоры А.Джандосова: «Қазіргі кезде мектеп оқушыларын  экологиялық тәрбиелеу тақырыбы кең таралып келеді, көптеген мектептерде ашық сабақтар, қызықты флэшмобтар және түрлі акциялар жүргізілуде.  Біздің жобамыздың бір ерекшелігі біз балаларды таулармен, табиғатпен таныстыра отырып, табиғатқа жақын болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеміз»,-  дейді.

«Аялауды үйренеміз, сақтауды үйренеміз» жобасы Алматы қаласы әкімдігінің Білім және Туризм басқармаларына ұсынылды және олардың тарапынан мақұлданды. Жоба туралы ақпарат Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына жолданды, ал фильм  жуық арада Ақтау қаласында өтетін «Менің Отаным- Қазақстан» жас туристтер слетінде көрсетілетін болады.  Біз барлық мектептерге осы экология тақырыбындағы дайын жобаны қолдануды ұсынамыз.

Жобаның болашақтағы жоспары:  мектептермен, Алматы қаласының білім беру басқармаларымен жұмыс Алматы қаласының Жас туристтер станциясы тарапынан жүзеге асырылады.  «Тауасар фонд» қоғамдық қорының бұл жобасы    Сорос Казахстан Қорының қолдауымен Urban Forum Almaty әлеуметтік-маңызды бастамаларының конкурсы шеңберінде іске асырылды.  Фильмді түсіруге демеушілік көрсеткені үшін  Зайтбекова Гүлжамашқа алғыс айтамыз.

Тұсаукесерге  фильм мен брошюраның  авторлары мен қатысушылары, Жас туристер станциясының директоры Р.Р.Игамбердиев қатысады.

Тұсаукесер бағдарламасы:

18-00 – 18-30 – пресс-конференция

18-45  – 19-15  – бейне фильм көрсетілімі

19-15 –  20-30  – талқылау, пікірлесу

Барлық сұрақтарыңыз бойынша    Ажар Джандосоваға хабарласыңыз:

Моб. +77772130560                       tauasarfond@gmail.com